Түс.

Түс.
жеке
блог


Жапан түзде жалfыз келем,айдала
Өзiм түсiп,өзiм тапқан айлама.
Құлақ түрiп тындамайды мұнда ешкiм
Өзiме-өзiм әңгiме айтам жай fана
*
Жапан түзде жалғыз келем,аfалап,
Мал мөңiреп, ит үрмейдi абалап.
Қаншер құстар шұқиды кеп тәнiмдi,
бiрi мiнiп,бiрi түсiп табалап
*
Кенет енiп тұман баскан мекенге,
Тұманды аспан бейтаныспа,бөтен бе?
Қайта айналып келе берем сол жолfа
Ауық-ауық шоқалақтан өтем де
*
Меңiреу шөп,меңiреу құм,мең дала,
Мең  далада мұңға батқан мен fана.
Мұндаfының бәрi маfан бейтаныс,
Жылай қалсам жұбатпайды кең дала.
*
Қуат алам қан бойыма көзге нық,
Шың құздарды шоқалақты көзге iлiп.
СЕН кiмсiң?- деп қабақ шытса айдала,
Мен кiммiн ?,-деп шыfа келем өзгерiп.
*
Қара таудан қанат қаққан қыранмын
Құлагердей жүйткiген құлаңмын.
Тұяқты мен қанаттыдан адаммын,
Адамдардың  iшiндегi бiр аңмын.

*
Жапан түзде жүрiп келем,айдала.
Су бетiнде құбыжық па,айнама,
Өз тәнімді өзім көріп шошимын,
Шошымаймын,танымаймын жан fана.
*
Шабыт дейтiн буындырса күш,менiң-
Өлең болып туа берер іштегім.
О,масқара жалғыз келем,айдала,
Өнiме тек айналмасын түстегiм.

Досжан Нұрболат