Ей,Алматы,демеші көріктімін

Ей,Алматы,демеші көріктімін
жеке
блог

Заңfарлардың сезiлiп ұлар лебi,
Өкiнiшiм өршiмей  тынар ма едi.
Менiменен мұңайfан бұл ,Алматы,
Сенiменен қосылып жыларма едi.

Жылармедiң,
Паң  қалам,алып қалам,
Жаңарудан, өсуден жалықпаfан.
Соқырыңның сор маңдай тiрлiгiнен,
Саfан fашык болудан қалып барам.

Басылмаса өлеңге желiктiгiм,
Ерiктiмiн,айтуfа ерiктiмiн.
Көшен толfан,қайыршы,кедей-кепшiк,
Ей,Алматы!-
демешi көрiктiмiн.

Дамылдама демеймiн,дамылдама,
Көрiп тұрмын жаныпты шамын жаңа.
Менiң  кайран кеудемдей өртке ораңfан,
Тәнiң таза болfанмен,жаның  жара.

Ей,Алматы!-
демешi көрiктiмiн,
Айың  сөнiп барады,өлiп күнiң.
Жарлын жылап,байыңды паң күлдiрiп,
Жармасаңшы бiрiнен ,бөлiп бiрiн.

Солfын тартып қарайсың,сөйте тұра...
Ей,Алматы!-
демешi көрiктiмiн.

Досжан Нұрболат