Массагет сайтына - 1 жыл!

  Құрметті, массагеттіктер! Міне, бүгін менің massaget.kz сайтымен алғаш танысқан, уақыт өте келе аралас-құралас бола бастағаныма 1 жыл толды. Былайша, аз да, көп те мерзім емес. Былтырдан бері сайттағы жаңашыл өзгерістерге, түрлі жарқын сәттерге, небір қызықты эстафеталарға куә болдым. Қаншама қызықты жазбаларды оқыдым. Штаттағы массагеттіктер дайындаған пайдалы мақалаларды, тәмсілдерді бас алмай оқумен болдым. Бізге, студенттер қауымына, жалпы жастарға осындай тамаша мүмкіндік сыйлаған Массагет сайтына, еш қымсынбай массагеттік журналистерге қарыздармен десем болады.

  Мысалы, қазір көрінбей кеткен, ал осыдан бір жылдай уақыт бұрын жүрекке тиер сыршыл тәмсілдерімен жасындай жарқылдаған Алшын Матай, жас жазушы-журналист, пікір жазу шебері Ардақ Құлтай, ойлы жазбаларымен қуантатын «жасыл қырат жақтан келген» Анар Мұстафина, көзге жас алдырар сағынышқа өрілген жазбаларды шебер жазатын, қазіргі кезде балалық бал шағына ең болмаса бір мезетке болса да қайтуды бар жанымен аңсап жүрген Әйгерім Сматуллаева, кезінде Луиза ма, әлде Луина болды ма, есімде жоқ, өзіміздің жерлес, С.Сейфуллин мектебінен түлеп ұшқан мақала дайындау шебері Ақерке, Оралдан келген өзіндік пікірі бар, мінезі онша жұмсақ та емес, қатты да емес Мейіргүл Оңғарова, бұрын ON.kz – де жұмыс істеген, қазір «СТВ» арнасында қызмет ететін магистрант Ғазиза Ұзақ, әңгіме жазу шебері, бізді Массагетпен таныстарғын (Бұл жөнінде мына сілтемеде) Мейіржан Әуелханұлы, соңғы уақыттары мен енді байқай бастаған қызықты, креативті мақалалар дайындай білетін, демотиваторлармен блог жазғанды құп көретін Қарлыға Бүйенбай, тойға шашылатындарды жақтармайтын Сания Аринова, т.б көптеген штатан тыс блогерлер де есімде мәңгіге қалды.

Сөзді бір ауыз сөзбен қорытындыласам, барлық жастарды осында шақырамын! Егер сен білімді, жан-жақты болғың келсе, онда осында тіркел! Ал, Массагет, сен оқырмандарды қуанта беруден шаршама! Бұл порталға  ұзақ ғұмыр, шат көңіл, шығармашылық табыс тілеймін!



Бөлісу: