Бір суреттің тарихы

Бұл оқиғаны алғаш оқығанда қатты толқып,көзіме жас алған едім.1993 жылы фотограф Кевин Картер Африкадағы Судан мемлекетінің оңтүстігіндегі елді мекенде, аштан бұралып отырған бала мен оның өлгенін тағатсыздана күтіп отырған құзғынды суретке түсіреді. 1994 жылы бұл сурет дүние жүзіндегі ең керемет 10 суреттің қатарынан көрініп, автор Пулитцер премиясымен марапатталады. Суретті көрген журналисттер Картерден баланың ары қарайғы тағдыры жайлы, балаға көрсеткен көмегі жайлы сұрастыра бастайды. Тек сол кезде оның ойы, сана сезімі шығармашылық қарбалас пен атақтың тұманынан серпіліп, өзегін өкініш керней бастайды.  Оны қатігез, тасжүрек деп, бұқаралық ақпарат көздері де оның бұл әрекетін сынаудан тынбады.Айналасындағы араласатын адамдар мен таныстары одан сырт айналады. Бұған шыдамаған Кевин 33 жасында өз өзіне қол жұмсайды.

    Ал анықтап қарасаңыз баланың қолындағы білезікті аңғаруға болады. Испанияның El Mundo газетінің ұжымы бұл суретті үлкейтіп, білезіктегі TS деген жазудың бар екенін анықтайды. Яғни Т- аш, қажыған, өлім аузындағы , ал S- қуаты күшті тамақты қажет ететін адамдар дегенді білдіреді. Бұл БҰҰ-ның лагерлеріндегі адамдардың білезігі. Кевин өзінің БҰҰ лагерінде жүргенін білмеген. Егер осы жердегі адамдардың тағдыры үшін БҰҰ жауап беретінің білгенде, мүмкін, ол өзінің жанын жегідей жеген сұрақтардан құтылар ма еді. Өз-өзіне қол жұмсамас па еді.Кім білсін.   Кейін зерттей келе баланың әлі тірі екені, сол елді мекенде тұратыны, аты-жөні Конг Нионг екені анықталды. Міне бір сурет пен екі адамның тағыдыры осындай. Не істесек те өкінбейтіндей ісімізді саралап, таразылап, ойланып істейік, ағайын.



Бөлісу: