Құрбан айттың маңызы мен тарихы

Құрбан айттың маңызы мен тарихы
жеке
блог

Құрметті , мұсылман бауырлар 365 күнде бір айналып келетін қасиетті құрбан айт мерекесі қазан айының 15не тұспа-тұс келіп отыр. Әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Аллаһның бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 грамм алтынға тең ақшасы бар, бас бостандықтағы, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды немесе ешкіні немесе бір адамнан жеті адамға дейін ниеттерін біріктіріп, екі жастағы сиыр немесе бес жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп. Құрбандықтың уәжіпті қасиетті Құранда: «Раббың үшін (айт намазын) оқы, құрбандық шал», – деп бұйырылған. Ал әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» -деген. Сондықтанда шамамыз жеткенше құрбандық шалуға тырысайық. Мұсылмандар үшін айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Құрбан айтта бауырсақ, шелпек дайындалады. Және де құлаққағыс ертең (15 қазан 2013жылы) барлық мұсылман елдеріндегі мешіттерде астана уақытымен таңғы сағат 7:15 те құрбан айт намазы оқылады. Мұсылман азаматтары үшін осы күні мешітке бару парыз. Құрбан ай мерекесі қабыл болсын!