Жас журналистерге арналған «WIKI» клубы ашылды

Жас журналистерге арналған «WIKI» клубы ашылды
жеке
блог


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Wikibilim» қоғамдық қорының қолдауымен жас журналистерге арналған «WIKI»  клубы ашылды. 

Клубтың серіктесі, әрі әріптесі Wikibilim қоғамдық қорының  президенті Нұрбек Матжани осы салтанатты жиынға арнайы келіп қатысып, әріптестік орнатып бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

Жалпы әлемдік Википедия  жобасы 271-ден аса тілде жұмыс істейді.  "Вики” технологиясы,  тек ашық және тегін ғана емес, кез-келген адам атсалысып, өңдей алатын энциклопедия.  Қазір  ай сайын "Википедияға” 400 миллион адам кіреді екен. Ал қазақ тілінде интернетте 2011 жылдан бері қарай «Wikibilim» қоғамдық қоры дамытып келеді. Қазақша Уикипедиада бүгінгі таңда 203 264 мақала бар. Өңдеу саны жағынан әзірше әлемде 55-ші орында тұр.

Қазақ тілді интернеттің дамуына өзіндік үлестерін қосатын болашақ журналистер осы салада жұмыс істеу арқылы өздерінің шығармашылықтарын дамытпақ. 

Бұл клубтын мақсаты ақпараттық материалдар базасын құру, сапалы контент мәселесін шешу, жедел ақпарат алуды ұйымдастыру; интернетке электрондық ақпарат тарату; интернет журналистикадағы көкейкесті мәселелерді талқылауға арналған «дөңгелек үстел»  мен баспасөз конференцияларын өткізу. Сонымен қатар әлемдік интернет жобаларға, форумдарға жас журналистерді қатыстыру, тәжірибе алмастыру болмақ.

 

Әйгерім Әлімжанова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің оқытушысы