Ең сұлу қыз біздің ауданда тұрады

Массагет.кз порталын оқи отырып, біздің қыздардың Кореяның әртіс жігіттеріне, әнші жігіттеріне қатты қызығушылық танытатынын байқап жүрмін. Осы феноменді шыны керек, түсіне алар емеспін. Сосын Корея қыздарына назар аударып, бақыладым. Сериалға түсіп, сахнаға шығатын қыздар сөз жоқ, әдемі, сұлу, стильді. Бірақ жақында Кореяда пластикалық операция қатты дамып кеткенін білдім. Ол жақта пластикалық операцияның көмегіне жүгінбеген бірде-бір актриса, бірде-бір әнші жоқ деп жатады. Ал айналама бір сәт қарасам, біздің қыздарымыз ешқандай пластикалық операциясыз-ақ сондай сұлу екенін көремін. Әрбір екінші қыз Кореяның ең бірінші аруы болуға әбден лайық! Табиғи сұлулық жасасын! Мен біздің қыздарымыз үшін мақтанамын! Жігіттер! Ең әдемі, ең сұлу, ең таңғажайып арулар дәл біздің жанымызда жүр! Ең сұлу Шығыс арулары – біздің қыздар! 

Сурет: майлрудан алынды ))




Бөлісу: