Есіл, Еркемді ренжітпеші...

Есіл, Еркемді ренжітпеші...
жеке
блог

 

       Араға біраз уақыт салып,массагетпен қайта қауышып отырмын. «Жоғалып кетпеймін» деп айтып алып,өзім солай жасадым. Жоғалып кетуімнің де өзіндік себептері бар. Оны кейін айтып беремін. Тағдырдың маңдайыма жазған бағы шығар  алтындай құрбым бар. Бүгінгі блогымның кейіпкері де сол жан. Бұрын да құрбым жайлы бір блог жариялаған болатынмын. Ал қазір мен басқа оймен,жо-жоқ сезіміммен  бөлісіп,оған «жол болсынымды» айтқым келіп отыр.

 

 

       Неден бастарымды да білмеймін...Өзің жайлы көөөп нәрсе айтқым келеді. Бірәқ, оларды тек жүрегім ғана айта алады да,тілімнің оған шамасы келмейді. Ақерке,алтыным сол... «Біз Астанаға көшетін болдық» деген күннен бергі бар уайымым сен болдың. Кез-келген жерде,кез-келген уақытта сені ойлап,жылай беретін болып алыппын. Арманның орындалатынына сенгенімнен шығар,қанша таңымды сені «кетпесінші» деп тілеумен   атырдым. Алайда, олай болмады. Бір тілегім сол күйі арман болып қалды. Кететін болдың.  Ертең емес,арғыкүні емес,БҮГІН.  Санаулы сағаттардан кейін сен Есілге жол тартасың. Өмірімдегі ең маңызды жандардың бірі сен едің ғой. Қалай,қайтіп қиямын сені?! Сен менің ғана Үздігім едің ғой. Жеке меншігімдегі тәтем де сен едің! Енді кім мені еркелетіп,кім менің сөзімді сөйлеп,кім мені қорғап жүреді? Әр таңым сенің мені бетімнен сүйіп сәлемдескеніңнен басталатын еді, енді... Білмеймін...

          Сенің бала көңіліңе кірбің түсірмеуге тырысқам,түсірмеймін де. Себебі,сен П Е Р І Ш Т Е С І Ң! Йә,кәдімгі періште бар ғой,сен солардың ең адалысың,жаным! Сенің қиын кезеңдерде жол тауып шығып кететін қасиетің,ақылдылығың бәрі-бәрі сіңіліңе үлгі болып қалады. Сен анда,мен мұнда жүрсек те...Біз бірміз. Түсіндің ғой? Бұны  ешкім өзгерте алмайды.

         Сен өөөөте ақжарқын қызсың, ол жақта адамдармен тез араласып кететініңе күмәнім жоқ. Олардан сені қанша қызғансам да,сенің жалғыз болғаның ұнамайды. Мықтылығың арқылы бәрін жеңіп,тез сіңісіп кетесің. Астана болмақ түгіл,аннннаааауууу Америкаға кетсең де менен құтыламын деп ойлама. Күнде хабарласып тұрамын. Ол жаққа барғанда тек сабаққа көңіл бөлетін бол.  Менде саған айтқанымдай сынақ байқауларынан жоғары ұпай жинауға барынша тырысамын. Келесі жылы сенің жаныңа барамын ғой,бұйырса. Осы үшін жанымды салып дайындалуға уәде берем. Астана суық дейді ғой,қалың киініп жүр. Осыдан ауырып қалсаң, тәтем болсаң да ұрсам.

         Сен сияқы ешкім жаныма жақын бола алмайды. Ең әдемі,ең ақылды,ең ерке құрбым менің,сонда да қимаймын...  Сенің әппақ жүрегіңнен айналдым! Ал,енді сау бол! Жүрегімнің бөлшегін  алысқа жіберейін деп отырмын, аман-сау қайта әкел. Сенен өтінерім жалғыз ғана,өзіңе қарап жүрші... Сосын...Есіл, ЕРКЕМДІ  ренжітпеші...

 

 

ПЫ.СЫ/ Тока,Көркемтай,Нуну,Симон,Айған, Айгер,Ақтолқын,Назөш, Гүл,Зару  бәрі сені жақсы көреді. Тез келші...біз сені күтеміз...