Ал, сізге өндірістік тәжірибе ұнады ма?

Ал, сізге өндірістік тәжірибе ұнады ма?
жеке
блог

     Ал, сізге өндірістік тәжірибе ұнады ма?

       Уақыт көшінен күні кешедей ғана көрініп, зымырап өте шыққан өндірістік тәжірибе мен үшін біраз жаңалықтар, қызықты оқиға-құбылыстар ашты. Жоғары оқу орнында теориялық негізде білім алудың жөні бір басқа да, журналистиканы тәжірибелік тұрғыдан меңгеру бір басқа екен. Мұндағы жаңалықтар бөлімі қызметкерлерінің басты мақсаты -  халық пен билік арасындағы алтын көпірді берік ұстау.  «Алматы» телеарнасындағы жалпы ахуал, ауызбірлік, кәсіби шеберлік,  өзара қарым-қатынас, кісілік, сыйластық, ең бастысы қазақты әспеттеу, таныту, елдегі күнделікті тыныс-тіршілікті халыққа жеткізу жоғары деңгейде. Мұнда жүріп әр сөздің бағасын біліп, әр кадрдың қадірін ұғынуды үйрендім. Сондай-ақ жазған дүниеңе сақ, баспа мәдениетіне жетік, өз ісіңе жауапты, жазуың сауатты болуы тиіс. Аға-буыннан біраз нәрсені үйрендім. Әйтсе де білерімнен білмейтінім көп. Білгенім мұнымен шектелмейді, үйренерім әлі алда!