нағыз жігіт

нағыз жігіт
жеке
блог

«НАҒЫЗ ЖІГІТ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?» Соңғы кездері осы сұрақпен көп ұшырасып жүрмін. Бұл сұрақ қойылғанда барлығымыз да:
Ммм, тааак, 
Ақылды,
Иманды,
Әдемі,
Білімді,
Тәрбиелі,
Мәдениетті,
Джэнтельмен,
Әзілқой,
Ақын,
Өнерлі,
Романтик,
Патриот,
Тұрақты,
Қарапайым,
Спортсмен,
Сымбатты, деп шегі жоқ қиялымызды айта бастаймыз. «Ондай адамды табу мүмкін емес», - деп қарсы пікір айтушылар да табылады. Мұндай шұбатылған тізімді тізіп бергенде айтылған қасиеттер барлығы бір адамда болсын демейміз ғой. Енді ЖІГІТ туралы ҚЫЗдан сұрап тұрған соң, МАХАББАТ міндетті түрде сөз болады. Нашақормен де бірнеше жыл бойы бір шаңырақ астында тұрып жатырғандар бар емес пе? Олар да кезінде «нағыз жігітті» армандамады дейсіз бе ? Осы ұзын сонар тізімдегі бір екі қасиет бойынан табылған жігітті сүйіп қалсақ, бітті. Бұрынғы қиялымызды ұмытып, сол жігіттің қасиеттері ғана ҚАСИЕТ деп қабылдаймыз. Романтик болмаса да, әдемі болмаса да сүйе аламыз. Бастысы, қызын өмірінен артық сүйетін, өзінен артық құрметтейтін жігіт болса арадағы махаббат та, сыйластық та, достық та мықты болады. «Нағыз жігіт» - өмірлік жарын бақытты ете алатын жігіт.