Есіміңіздің құпиясын білесіз бе?

Есіміңіздің құпиясын білесіз бе?
жеке
блог

Бала дүниеге келгенде оған азан шақырып есім қояды. Есім қою көбіне үлкен кісілерге беру бұйырған. Пайғамбарымыз «балаларыңызға көркем есімдер қойыңыздар» деп үйреткен. Қазірде біз балаларға есімді қалай қойып жүрміз?

Есімді ырымдап Абылай хан,Шыңғысхан деп қойылатын еді. Қазірде көптеген есімдер батыстық есімдерге айналып жатқандай Артур,Тимур. Мысалы қарапайым  еліміздегі Саммит немесе Азиада деген есімдер. Ал статистика бойынша былтырғы ұл нәрестелердің арасында ең көп тараған есімдер:

Ерасыл – 1255 бала, Диас – 880, Нұрасыл – 837, Әлихан – 771, Мирас – 737, Максим – 674, Бейбарыс – 647, Артем – 638, Санжар – 626, Нұрислам – 624, Азамат – 608, Никита – 589, Кирилл – 569, Ислам – 560, Александр – 550, Нұрдәулет – 505, Дамир – 493, Руслан – 461, Даниил – 457, Әмір – 443, Арсен – 434, Дмитрий – 432, Әділет – 428, Бекзат – 421, Ернұр – 419, Алдияр – 415, Роман – 407, Илья – 399, Бекарыс – 391, Тимур – 388.

Қыздар арасында: Аружан – 1709, Кәусар – 1098, Аяулым – 1087, Диана – 905, Алина – 816, Әмина – 805, Мәдина – 762, Нұрай – 759, Айша – 721, Дарья – 689, Айзере – 667, Анастасия – 666, Сабина – 656, Жансая – 607, Жанерке – 607, Назерке – 583, София және Іңкәр – 573, Аяжан – 567, Айым – 563, Виктория – 561, Арайлым – 546, Мерей – 531, Анель – 503, Айдана – 495, Дильназ – 492, Милана – 474, Ақерке – 431, Екатерина – 426, Малика – 418.

Нұрсұлтан есімі қазір елімізде – танымал әрі ең көп тараған аттардың бірі.

Ал сіздің есіміңіз кім?

Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес болады. Ал әрбір санға Күн жүйесіндегі белгілі бір планета ықпал етеді. Сіз өз есіміңіздің қай планетамен байланысты екендігін, оның мінезіңіз бен тағдырыңызға қаншалықты әсерін білу үшін тым болмаса атыңыздың бастапқы әрпінің сәйкес санын біліп алуыңызға болады.

А-Ә - 1, Б – 2, В – 6, Ғ-Г – 3, Д – 4, Е – 5, Ж – 2, З – 7, И – 1, К-Қ – 2, Л – 2, М – 4, Н – 5, О-Ө - 7, П – 8, Р – 2, С – 3, Т – 4, У-Ұ-Ү – 6, Ф – 6, Х – 5, Ш – 2, Ы-І – 1, Ю – 7, Я – 2.

1. Күн: көсем, тәкаппар, астамшыл. 2. Ай: сезімтал, шығармашылыққа бейім, қиял кеңістігі мол, парасатты. 3. Юпитер: кеңпейіл, оптимист, тілтапқыш, идеалист. 4. Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұмысқа тиянақты, адамдармен тез достасады. 5. Меркурий: көпшіл, епті, бастамашыл, сыншыл, мойымаушылық. 6. Шолпан: сезімтал, сүйкімді, тәкаппар, іскер, жолы болғыш. 7. Нептун: жұмсақтық, сезімтал, ымырашыл, қайырымды, философ. 8. Сатурн: сырты суық, іші жұмсақ, прагматик, бірбеткей, сақ, өз еңбегіне сүйенеді, сенім артуға болады. 9. Марс: қайратты, қызба, басынан сөз асырмайды, қысымға төзбейді, өзімшіл, тек өзіне сенеді