Мен оқитын университет

 Мен Қызылорда облысының тумасымын. Сонда 11 жыл білім алып, одан соң Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне грантқа оқуға түстім. Шыны керек ең алғаш естігенде қуанбадым. Қазір осы университетте 3 курста оқып жатырмын. Ең алғаш келгенде қайда оқисың десе айтқым келмейтін. Ал қазір басқа емес осы университетке түскеніме қуанамын. Өйткені мұнда грант негізінде оқитын студенттерге міндетті түрде жатақхана береді, ақылы негізінде оқитын студенттердің де көбісіне беріледі,сонымен қатар 3 уақыт тамақ беріледі,білімі де жақсы. Көбі КазГуде немесе басқа университете оқығысы келеді. Оларға айтарым-барлық жерде білім бір,диплом бір дегім келеді. Ал университетіміздің дәрежесін көтеру-біздің қолымызда Қыздар! ҚАЗАҚ МЕМЛЕКТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ,ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ҮЛКЕН МЕКТЕБІ ЖАСАСЫН!!! Мен өз университетімді жақсы көремін және мақтан тұтамын!!!



Бөлісу: