Алтын күз.

Алтын күз.
жеке
блог

Табиғат-ана өзіндік бір әсем күйге енетін алтын күздің екінші айы да өз дәуірін орталап қалды. Айнала түгел алтын зерлі жіппен кестелегендей көркем әрі қайталанбас сұлу қалыпқа енді.Бұл мезгіл ару Алматының көркіне сабыр мен тыныштық ұялатқандай. Бұрынғыдай абыр-сабыр, қым-қуыт тіршілік байқалмайды.Бірақ бұл өмір атаулы күз келгенде тоқтап қалады деген сөз емес.Тек тіршілік сахнасында сарылтып келетін сағыныш-күзде барлық үдеріс атаулы аз ғана тағат тауып, дамылдайтын сияқты.Күрең күзді көп адамдар мұңды естеліктермен байланыстырады.Шынында да адамзат баласының ерекше бір ойға шомып, өткенге көз жүгіртетін, болашақты бағдарлап, жоғалтқаны мен тапқанын сарапқа салатын кезі де нақ осы шақ секілді. Жалпы күз мезгілі маған ұнайды.Табиғаттың ғажайып күйі ақын атаулының шабытына шырақ жағады.
Дала суық. Сұрықсыз аспан да көз жасын жиі төгіп жүр. Тек табиғаттың кеудесіндегі салқындық адамдардың көңіліндегі жылылықты сөндірмесе екен.