Массагетте дүбірлі той!

Массагетте дүбірлі той!
жеке
блог

Массагеттің тұрақты оқырмандары байқап жүргендей, осы жылы біздің ұжым қызметкерлері бірінен кейін бірі отау құрып, бастары екеу болып жатыр. Құдды бір біздің блогтарда ойналатын эстафета іспеттес)) Осы жолы Сания тапсырған эстафетаны Мейіржан Әуелханұлы қағып алып, қолына құсын қондырды.

Осыған орай, керемет бір мейрамханада бәріміздің басымызды қосып, қуаныштарына ортақтасуға шақырған болатын.

Массагеттік жұптар мен арулар

Массагеттік серілер ))

Бұл тойдың бір ерекшелігі, Мейіржан мен Фатиманың әке-шешесі Қытайда болып, тойды Қазақстандағы туған-туыстарының көмегімен алып шыққандығы. Мейіржан мен Фатима үйлене салып, осындай үлкен тойды үлкен адамдардай салмақтылықпен өткізгендігі қуантпай қоймайды. Және де Мейіржанның ұстаздары келіп, сөз сөйлегені де атап өтерлік жайт. Олардың жанында КазГулық түлектер мен студенттер біраз ыңғайсызданып жүрді.))

Солай, ән айтылып, би биленді.

Массагеттен кеткен Қайсар мен Уәлиханды көріп, біз де мәре-сәре болып қалдық.

Бәріміз шығып, сөз сөйледік:

Бір қызығы, Массагеттік екі жігіттің тойын да Мұрат деген керемет тамада жүргізді. Өте жоғары деңгейде жүргізеді, егер нөмірі керек болса, хабарласыңдар деп жарнама жасап кеткен дей ме))))

Жас-жұбайлар үшін туыстары шамдардан жүрек пішінін жасап, екі жасты ортаға шығарып, билетті. Кештің ең романтикалық сәті осы болса керек.

Және торт кесу:

Екі жасқа баянды ғұмыр тілеп, көтерген шаңырақтары тек береке-бірлікке, сәбиге толсын деген тілектермен кеш соңында Қазақстанның жаңа құрылған бір отбасымен суретке түсіп, үйді-үйімізге мәз боп тарастық.

Ал, келесі эстафета кімге бұйырар екен? :))