Жауапсыз махаббат

Жауапсыз махаббат
жеке
блог

Бақыт құштым, шалқып ұштым қарағанда көзіңе

Ойға шолдым, мұңда болдым, сенсіз жүрген кезімде

Ойды кездім, бірақ сездім, сөзсіз төздім сондықтан

Жан жүректен жарып шыққан он сөз айттым өзіңе:

 

"Сезім" дедім, сезінбедің сезімімнің сыңғырын,

"Сүйем" дедім сенбеді оған жүрек деген құрғырың,

"Жаным" дедім, жаныңа да жолатпадың жатсынып,

"Шаттық" дедім, шаттанбадың, көздеріңде тұрды мұң.

 

"Уәде" дедім, айтшы жаным уәдеге сен берік пе ең,

"Еркем" дедім, тек өзіңді еркелеткем, еріткем.

"Күнім" дедім, өзің барда жаным жылу тапқан соң

"Бақыт" дедім, бақытыңа баламадың, неліктен?

 

"Арман" дедім, ал арманым тек сен едің, білдің бе

"Сағынышым", сағыныштың сағымында жүрдім де

Жүрегімді жарып шыққан бұл сөздерді айтып ем

Үндеместен кете бардың, мазақ етіп күлдің де