«Жол апатын азайтайық!»

«Жол апатын азайтайық!»
2013 жылдың 25 қыркүйегінде «Болашақ Республикалық Қозғалысы» «Жол апатын азайтайық» деген акция өткізбек.
Тек өткен аптаның ішінде ел аумағында жолаушылар тасымалдайтын автобустардың қатысуымен үш ірі жол көлік апаты орын алды. Қаншама адам зардап шегіп неше адам сол апаттардың салдарынан көз жұмды. Есепті әрі қарай өрбітсек тек осы жылдың басынан бастап Қазақстанда жол көлік апаттарынан 2000-ға жуық адам қаза тапқан екен. Апаттардың басым көпшілігі түнгі уақытта орын алуда.
Бұл бүгінгі қазақ жастарын қатты алаңдатуда, сол себепті қалааралық автобустардың түнде жүруіне, кешкі уақытта жолға шығуына тыйым салуға шақырамыз қазақ билігін.
Акция барысында автобуста жүретін жолаушылармен және автобус жүргізушілерімен тұрақты түсіндіру жұмыстарын бастаймыз. Біздің мақсат жүргізушілерді де және жолаушыларды да сапарға тек күндіз шығуға үгіттеу. Автобустардың жаппай жолға шығу кезінде оларға стендттер және парақшалар арқылы елді қандай қауіпке тігіп жатқандығын көрсетеміз.
Акция нәтижесінде «Болашақ Республикалық Қозғалысы» елдің премьер-министрі Серік Ахметовқа күрмеулі мәселенің шешуін талап етіп хат жолдайды. Акцияға барша Алматылықтарды шақырамыз.
Біз қалааралық автобус рейстарының түнгі сапарын тоқтату керекпіз!
Акцияның өтетін орны; «Алтын орда» базарына қарама қарсы тұрған «Барлық» базарының автобекеті.
Басталу уақыты; 2013 жылдың 25 қыркүйегі сағат; 15:00 де.



Бөлісу: