"Моудың" даулы мәлімдемелері

 Көпшілікке «Моу» есімімен белгілі Жозе Моуринью қазіргі футбол әлеміндегі айтулы тұлғалардың бірі де бірегейі болып табылады. Португалдық маманның атағы бір басынан асып түседі. Қазіргі таңда «Челсидің» бас бапкерілігін атқарып жүрген 50 жасар Моуринью жанкүйерлерге өзінің жетістіктерімен қатар, жасаған шулы да даулы мәлімдемелерімен танылған. Төменде «шатақ» мінезді бапкердің ең айтулы 5 мәлімдемесін ұсынамыз:

Мені тәкаппар деп есептемеңіздер, бірақ мен Еуропа чемпионымын және мен өзімді таңдаулымын деп білемін.(2004 жыл) Бізде (Челсиде) ең үздік ойыншылар, тәкаппарлығымды кешіріңіздер, ең үздік бапкер де бізде (2004 жыл) Біз (Челси) клуб ақшасының күшімен біріншілікте көшбасшы болып тұрған жоқпыз, біздің бірінші болуымыз-толықтай менің еңбегім.(2005 жыл) «Барселона» футбол клубында мені жақтырмайтындар болса, бұл -олардың мәселесі. Менің футболдық сөздігімде «қорқыныш» деген сөз жоқ.(2010 жыл) Құдай мені жақсы адам деп ойлайтын шығар. Егер Ол мен туралы олай ойлаймаса, маған осыншама көп жақсылықтар берер ме еді? Менің тамаша отбасым бар. Мен қалаған жерімде, қалаған ісіммен айналысып жүрмін. Құдайдың маған көп жәрдем еткеніне қарағанда, Ол мен туралы жақсы пікірде болуы керек. (2011 жыл)


Бөлісу: