Ақырзаман 2103: Голливудша апокалипсис...

Ақырзаман 2103: Голливудша  апокалипсис...
жеке
блог

Ақырзаман тақырыбы әлі де өз маңыздылығын жоя қоймаған сияқты... Голлувудтың режисерлер ақырзаманды әр түрлі ғып қиялдап түсіріп қана қоймай,  танымал жұлдыздардың да осындай сәтте өздерін қалай ұстайтыны мен қандай әрекеттер істейтіні қызықтырыпты....

Лос-Анджелстің танымал жұлдыздары Оз да ойнаған Джеймс Франконың үйінде керемет кеш өткізіп жатады. Аяқ асты дүкенге барған Джей мен Сет ақырзаманның басталуының көрермені болады. Аспаннан көк түстер пайда болып адамдарды өзіне қарай тарта бастайды да, аяқ асты жердің астан-кестені шығады. 

Барлық ала сапыранда 6 жігіт бүр үйде жан сауғалап қалады. Кинода керемет батырлардың ролін сомдаған жұлдыздар шын мәнінде өздерін соншалықты бейшара күйлерін көрсетеді... 


Ақырзаман 2103: Голливудша апокалипсис фильмінде болашағынан үміт күттіріп жүрген Сет Роген, Джеймс Франко, Джона Хилл, Джей Барушель, Крэйг Робинсон, Дэнни МакБрайд  түскен. Олар бұл фильмде өздерін өздері сомдайды. Бірақ, осыншама өнерлерімен таңқалдырып жүрген актерлардың осыншалықты боқ ауыз сөздері көп, мағынасы адамды таңқалдырмайтын арзан-қол фильмге түсетінін білмептім. 

Киноның желісі бойынша боқтық сөздер мен арзан амеркалық кинолардағы арзан күлкілі нәрселердің куәсі боласыздар. Бір жағынан қарасаң кино библияда ақырзаманды сипаттағандай түсірген, бірақ нақты мағынасын білмей жатып осындай масқара кино түсіру, көру мен үшін бір өте төмендегендікті көрсетті... 

Тіпті фильмді қарап отырып "танымал актерлардың деңгейлері расымен осы ма?" деген ой келеді... 

Берер  бағам 2/10. Мені қызықтыра алмады.