Атбегілік - қазақтың ең көне ұлттық өнері

Атбегілік - қазақтың ең көне ұлттық өнері
жеке
блог

Атбегілік қазақтың ең көне ұлттық өнері. Көшпенділердің жылқымен бірге өсіп, біте қайнасқаны соншалық олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде қатысты айтылатын афоризмдері жетіп артылады. «Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады», «Ер қанаты-ат» дейтін қазақ әсіресе бәйгеге қосар жылқыны жаратуға ерекше мән берген. Нағыз атбегі «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын жануарды алыстан таниды. «Жүйрік аттың тағдыры - қаһарман батырдың тағдыры - халықтың тағдыры» деп те айтады алаш баласы. Тақымы атқа тиген қазақ әр уақытта арқаланып, аруақтанып, қиялына қанат бітіп шабыттанып, қуат қосып қайраттанатыны тағы бар. Сондықтан мінсе — көлігі, сойса соғымы болатын жылқыны табиғатына қарай тиімді пайдалана білген қазақтар жылқыны 3 топқа бөліп қараған. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алса, ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны ерекше қадір тұтқан. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп атаған. Осылардың әр қайсысын өз алдына баптаған. 


Мәтінді оқыған: Шамшаддин Омар

Режиссер: Еділ Шыңғыс

Бейнеператор: Ұлан Дүйсенбай
Продюсер: Ғазиза Ұзақ

"Қазақ халқының салт-дәстүрлері" бағдарламасын 13 қыркүйекте, сағат 22:20-да СТВ арнасынан тамашалай аласыздар. Қайталауы: Жексенбі, 15 қыркүйек сағат 19:00-да; дүйсенбі, 16 қыркүйек 22:20-да.

Мұрағат: stv-online.kz

Суреттер: massaget.kz, altaynews.kz