Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Айтыс жайлы пост (ораза емес)

Айтыс жайлы пост (ораза емес)

Айтыс жайлы пост (ораза емес)

 «-Кіргізсеңдерші.  -Билет қайда?  -Ақшасын сізге беріп кіре берейікші аға. -Іштегі жігіттер, Жүрсінге айтыңдаршы «халық айтысқа кіре алмай отыр» -деп» - деген сөздер  Балуан шолақ спорт кешенінің алдында  екі сағатқа жуық айтылды. Қонаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған айтыстың финалына келген елді қолымен санай алмайсың. Айтыс басталар алдын билет бағалары 4000-5000 теңгеге сатылды. Бұл сана төмендігін жасаған ортадағы алып сатарлар. 1000-1500 теңгелік билетерді  кассадан сатып алып, елдің қалтасын қағушыларды тәртіп сақшылары құрықтап, билеттерін алып қойды.  Арманына айналдырып залды. Екі ортада қара халық билетсіз қалды.  Соңында есік алдындағы кіргізіп-шығарушымен келісіп, тонды келте қылмай пішіп, айтыс ортасында 1000 теңгеден беріп армандарына қол жеткізді қара халық. Ештен кеш жақсы деген мақалды жандарының жалауы етіп, Жүрсін жүйріктерінің шабысын улап-шулап тамашалады. Айтыс қызу өтті. Кіммен-кім айтысатынын халық шешті. Таңдайынан шыңы шыққан ақындар бір-бірінен асып тұрды. Бірінші орын Аманжол Әлтаевқа, екінші орын Жандарбек Бұлғақовқа, үшінші орын Айнұр Тұрсынбаева бұйырды. Сөйтіп ақындар  2012 жылдың алғашқы темір тұлпарларын Қонаевтың мерейтойында еншіледі. Айтайын дегенім бұл емес. Ойымның негізіне оралайын.   Қазақтың қаймағы болған, сал-дәстүрі сақталған, ұлдары мен қыздары ұлттық тәрбиеде бапталған Шымкент қаласының атынан шыққан Ақмаралдың шабысы тым баяу болды. Жүйріктердің арасынан топ жарып шыға алмады. Шымкент өнердің ортасы деп көкірек ұрушылардың бұл жолы сандары «қап» деп ұрылды.   Ақмарал жасарын жасап, қолтаңбасын айтысқа қалдырған дара ақын. Сол дара ақын, бала ақындарды тәрбиелеп Шымкенттің намысын жерге таптатпайтын дәрежеге жеткізсе екен деген ішкі тілек те жоқ емес жұртта. Жандарбек, Төреғали сынды жас ақындармен қатар шабатын өрендер әлі күнге дейін Шымкенттен неге шықпай жатыр деген ой көпшілікті көп мазалауда. Нұрлан Есенқұлов, Нұрлыбек Мейірманов, Қалижан сынды жас ақындар Шымкенттің мерейін неге асқақтатпайды деген сан сұрақ сананы жаулағалы қашан. Беташарды, құдалықты, тойды жандарына серік етіп,  ұлы өнер айтысты түншықтырғандары ма?  Облыстық, қалалық айтыстарға қатысқаны кімге керек, республикалық айтыста ел намысын қорғай алмаса. Ақмаралға бар жүкті артып қойғаны ұятты-ақ. Мықты болса, елі үшін туылған ақындар болса өнерлерін тойда емес, жүйріктер жүрген жерде байқатсын. Айтыстың арланы емес, тойдың тарланы болып жүргендері бет қызартарлық іс. Әлде олар айтысты тойға шығудың жарнамасы деп түсініп жүр ме? Елге ақиқатты айтып, жұртты қамшылар ақындарды біздің қамшылағанымыз ұят. «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалыны бар айтыскерлер» - деген сөз Шымкентке жат болып қалмаса екен.

Ақиқаттың көші бізге жақындады

Құлагерді  құртыңдар тақырдағы

Уызына ұлтының жарығандар,

Ояныңдар, Шымкенттің ақындары!

2841 9
Рейтинг: +0

Автор: Berik Sultan
Жазылған уақыты: 14 ақпан 2012, 12:59
Тегтер: айтыс, Шымкенттік ақындар, Қонаевтай ер қайда? айтыс 2012
Пікірлер
+0
14 ақпан 2012, 13:34

Шымкенттіксіз бе? )

+0
14 ақпан 2012, 13:40

)))) қазақ елінің ұлымын...

+0
14 ақпан 2012, 14:49

Билет жайлы, осы қазекемдер неге "Ас - ішерде..." жасайды? Айтыс болады деп екі-үш апта бұрын жарнамаланды емес пе, сол кездері барып, асықпай билет алуға болар еді ғой. Оның орнына дәп басталар кезде біреулерді кінәлайды.
Жалпы, менің ойымша, жас ақындардың арасында конкурс ұйымдастырып, суырылып шыққандарға жол беру керек. Әлі сол Жүрсін Ерман & Co.

+0
14 ақпан 2012, 15:01

Жиірек абзац қойып отырсаңыз дұрыс болар еді дейм да. Оқуға қиындау екен. "Әрі тұрш, бері тұрш" деп жыпырлаған әріптерді аяп кеттім))))

+0
14 ақпан 2012, 16:33

Уызына ұлтының жарығандар,

Ояныңдар, Қазақтың ақындары! десеңізші...

+0
14 ақпан 2012, 17:32

ойды анық түсінбедім... Шымкентте айтыс өліп қалыпты деген сыбыс па бұл? Түсінбедім...

+0
14 ақпан 2012, 18:49

Анау ораза емес проза шығар иә?

+0
14 ақпан 2012, 19:48

Бауырлар бөлінбейік өзіміз бар жоғы 9 млн қазақпыз. Бөлінгенді бөрі жер......

+0
14 ақпан 2012, 22:39

Дұрыс айтасың бауырым! =_)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев