жеке
блог

Елбасымен жолықтым...

Қасында жүрмін. Суретке түсіп алып ФБ-ға салғым-ақ келіп тұр. Бірақ, ыңғайсыздау болатын шығар деп өзімді әрең тоқтаттым. Түсірілім сәтті өтіп жатыр. Елбасының өмірі туралы керемет хабар шықпақ. Бір кезде Нұрағам қолына шелекпен су алып шықты. Ауыр екені бірден көрініп тұр. Жәрдем берейін деп барғағанымда суы көп көк шелекті берді. Өзінің екі қолы да бос емес. Екі қолында екі шелек су және сол қолындағы шелекте қосымша екі кішкене шелек бар. Еш қиналып тұрған жоқ. Қырға қарай жүгіріп шықты. Артынан мен ырсылдап бара жатырмын. Жоғарыға шықтық. Ол кісінің тынысында мін жоқ. Шаршағандық байқалмайды. Жоғарыда опаратор күтіп тұр. Елбасы сұхбат беріп жатыр. Үшеумізден басқа ешкім жоқ ол биікте. Бір кезде камераны құлатып алды әлгі оператор. Сасқалақтап, әрең көтерді жерден. Қарасам камераны төңкеріп түсірмек. Туралап бердім де елбасыға бастай беріңіз едім. Сұхбатын әрі қарай жалғастырып жатты.
Арада аз уақыт өтті. Бір ғимараттың қасына келдік. Есікті ашып қалсам. Ғажайыптар әлеміне түсіп кеткендей болдым. Күз. Бақта еліктер жайылып жүр. Табиғатын суреттеуге сөз жетпейді. Соткамды шығарып суретке 1-2 рет тартып алдым. Елбасының серуендейтін саябағы екен деп қоям. Ары қарай бұлыңғырланып, бір-бірімен байланбай қалды. Ояндым. Керемет күйге ендім!
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі