жеке
блог

Ішім пысты. Жалықтым (Қ.Аманжолов)

 

Ішім пысты. Жалықтым.

Жүре алман енді аяңдап,

Кенде қаппын. Жаңа ұқтым

He болса, соған аялдап.

Көңіл күйі екен деп

Күнделік тұрмыс ызыңын,

Өмір сыйы екен деп

Квартбюро тізімін, -

Жүргенімде,тиісті

Сыбағамнан құр қаппын.

Егде тартып, сүйінішті

Жас шағымда ұрлаттым.

Қайта оралмас жиырма бес

Қоштасқанын сезбеппін.

Жас та емес, қарт та емес

Бір уақытқа кез кеппін.

Өткен күннен белгім аз,

Беттегі әжім болмаса.

Шимайлаппын көп қағаз,

О дағы бір далбаса.

Өкінгеннен не пайда,

Кеш болса да, қал сілтеп.

Кім өкпелер Абайға,

Қырықта қызды жаздың деп

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі