Өмір кейде қатыгез..

Өмір кейде қатыгез..
жеке
блог

"Рак печени! 4 стадия" - дәрігерлердің қойған диагнозы. Танысың, туысың, досың болсын, әйтеуір біреу жайлы болсын осындай ауыр диагнозды есту қандай ауыр.. Ары қарай олардың айтқаны тіпті қорқынышты. "Қолымыздан ештеме келмейді, кеш белгілі болған, ертерек тексерілу керек еді".. 

Күні кеше ғана Жарқын болашағына көптеген жоспарлар құрып, нағыз тепсе темір үзетін жігіттік шағын бастан кешіп, ересек жасқа келгенінде табанын жерге нық тіреп тұру жолында көптеген талпыныстарын жасап жүрген жандардың бірі болатын. Бүгін құр сүлдері ғана қалған, айнадағы өз бейнесіне өзі қарауға қорқатын, маған не болды деген жәудіреген көздері ғана қалған жан.. Тура диагнозын оған, әрине ешкім айтқан жоқ. Жақындары шырылдап басқа емдеу жолдарын іздестіруде. 

Мен үшін Жарқын туыс іні. Соңғы жылдары жақын араласып жүргенбіз. "Інісі бардың тынысы бар" - деген осы екен дегізген інілердің бірі. Қазір қалай көмек бере аламын деген ой мазалайды. Бұл жолдарды жазып отырып көзімнен дәрменсіздік тамшылары тамады. Туыстарымыз қыз-келіншектер қасына бармай-ақ қойыңдар, мына түрлеріңмен түрінен қорқып, оның өзін қорқытасыңдар деп тоқтау салады. Алладан қатты қиналта көрме деп тілеймін оны! Сондай жас жігіттің бүгін бар, ертең жоқ болуы мүмкін екенін ойлау сондай азап. Бірақ бір ғажайып күшпен аман қалуы да мүмкін-ау деген үміт оты да жылт етіп қояды анда-санда. 

Күздің күндерінде асқазаным мазалап жүр деп асқазанын емдетуге кіріскен болатын. Біреулер өзінің дұрыс тамақтанбауы да әсер еткен деп қояды. Біраз уақыт шашлык пісірумен айналысқан оның тамағы тек шашлык пен кола ғана болып, одан кейін де тек салқын тағам, коламен тамақтанып жүрген көрінеді. Содан асқазанын құртқан ғой дейтінбіз. Аяғы осындай болып отыр. 

Мүмкін, осыны оқығандар арасынан Жарқынның дертіне шип көрсете алады-ау деген емшілерді білетіндер шығып қалар...