Бір Сөз бар сағынатын жүрегіңіз...

    ***

 

...Үстелде сурет жатыр күлімдеген,
Күлімдеген еш жерге ілінбеген...
Бір сөз бар сағынатын жүрегіңіз,
Бір мұң бар жаныңызды тілімдеген.
Сағынып бұрыңғыдай келмегені,
бәлкім, ол.., өзіне-өзі сенбегені?
Сіз неге түн ішінде жыладыңыз?!
Гүл неге солып қалды бөлмедегі?!
Сіз неге жыладыңыз түн ішінде?
Жоқ, әлде, солып қалған гүл үшін бе?!
Сағынып күту керек махаббатты,
Гүлді де күту керек тірісінде...



Бөлісу: