Өзім жайлы ғой

Өзім жайлы ғой
жеке
блог

                                                     Дала қызынан алғашқы жазба

 

         Армысыздар , Алты Алаштың ардақтылары!!! «Мынау қайдан келген?Өзі қызық-қызық  сәлемдеседі екен»  деееп отырған боларсыздар біреулеріңіз) . Мен осы бір сөзді жақсы көрем,Алаштың ардақтыларын!  Қандай  жарысқа,мүшәйраға барсам да осылай амандасам. Біреулер мұныма сүйсініп қараса,біреулер мені  «өзінше» деп ойлайды екен. Кейін біліп,естіп жатамыз. Ойлай берсін. Құқығы бар.

         Йә,сонымен менің жаңадан тіркеліп отырған жайым бар. Онда да,бір мейірімдіііі әпкем тіркеп берді.Мөлдір әпкені айтамын. Оның алдын мен үнемііі кіріп, бәрін аударып-төңкеріп оқитын едім. Ооой,несін айтайын блогтарды оқығандааа...ощм...пікір жазғыыым кеп кетед) Соның сәті енді түскендей....Ұзақ(кешке)   уақыт компьютерге жабысып ап отыратыным үйдегілерге,әсіресе Айбаланың папасына ұнамайды. Рахаттанып оқып отқанда компьютерді тық еткізіп өшіріп тастайды. Өшіре берсін,теліпоным бар.Сөйтіп    бірінен кейін бірін ашып оқып отырып,массагетті құштаааапп ұйықтаймын  таң біліне бастағанда. Бірді айтып бірге кеттім-ау.Өзімді таныстырмақшы едім,негізі. Айып етпессіздер.Сіздерге бәрін-бәрін айтқым кееееп тұрғасын...)))

            Ыммм,сонымен  өзім Қызылорданың қызымын.  «Он алты да бір ғұмыр» деген ғой,сол жасты толтырып, он жетінің ішінде жүрмін. Бісміллә деп, 11-сыныпқа енгелі отырмын. Сабақ басталғанда тіркеліп отырмын,бірақ жоғалып кетпеймін.Күніне 1-2 сағаттан бөліп отырсамм,былллай жетеді.  Өлең жазам.Алдағы уақытта оқисыздар.  Қысқасыыы,менде былай:  адамдардың бәріне сенем,тез ренжимін де,тез ұмытып кетем.Біреу маған ренжіп қалса,неге ренжид деп мен оған өкпелеймін.))Осыным жаман енді...Үйдің үлкені болған соң жауапкершілікті сезінем (бір сіңілім бар,есімі- Айбала), бірнәрсені ұйымдастырып,былықтырып жүргенді жаным жақсы көреді,кітап оқығанды жәй ғана  «сүйем»,тіл туралы мәселелерді көтергенді қолдаймын және өзім де кішігірім ортада болсын осы мәселені айтпай кетпеймін.  Мектептегілер мені «Шахановтың қарындасы» дейді.Марқайыыыыып қалам кәдімгідей... Досты қадірлеймін,достығымды сездірем және соған сендіре аламын.Өзімнің үш бірдей  құрбым бар. Сонда да,ішіндегі біреуін ерекшееее көрем,білмеймін,әйтеуір  екі қызымнан өзгеше..Есімі- Ақерке. Ал,махаббатқа көзқарасым...кейін айтайыншы...)

           Арман-мақсаттарым өте көп. Ел,жер,Отан туралы армандарымды айтсам біреулер «патриот» деп күледі. Жыным келеді сондайларға...Жерің  тыныш,халқың аман болса керемет емес пе,ә? Менің бір үлкееееееенн арманым бар.Арман болғанда,мен бір кісіге сенім арттым,сол сенімімді ақтаса ғой,шіркін...Осыны тілеймін де жүремін. Одан соң маматайымның қасымда мәңгі  жүргенін қалаймын. ҰБТ...жақындаған сайын қорқынышым еселене түсуде...125  ұпайды толық жинап,журналистика факультетіне түсіп, мақсатыма қол жеткізгім келеді. Жетемін,бұйырса! Сонымен,әлі біткен жоқ...

            Масссагет жайлы айтайын да...Әй,бір керемет  әлем  екен!  Адамдары да нағыз қазақтар екен. Бір-бірін ренжітіп жатқан ешкім жоқ,емін-еркін пікір қалдырады,оған ешкім ренжімейді де,ойыңды оқып қойғандай әсер ететін жазбалар, сұлу жырлар, кеңестер,төрткүл дүниенің жаңалығы...Бәрі-бәрі керемет...Бір «но»-сы бар екен...Ол-менің енді ғана тіркелгендігім... «Ештен кеш жақсы » деп алдап қоям өзімді). Байқаған боларсыздар,жақшаны көп қаолданам.Күлгенім ғой.Пунктуациялық қателерім болса,кешірім сұраймын. «Білмейтінім тоқсан тоғыз»

            Танысқаныма қуаныштымын,Массагет және Массагеттіктер! Сіздермен әлі талай сыр шертіліп,талай жырдың тұсауы кесілмек. Келесіде қаламдасқанша!