Соңғы минуттар синдромы.

Соңғы минуттар синдромы.
жеке
блог

Ақыры не керегі бар бұл маусымда аяқталды. Көпшілік жазғы оқушылар демалыс маусымы деп қалмасы үшін толығырақ айтқанда Кәрі құрлық асығы күтетін Европа Чемпиондар Лигасы немесе Евро Лиганың аяқталу жайлы бірер сөз. Әрине Европа Чемпионаттары әлі аяқталған жоқ. Керісінше ойын енді қызы түсті. Тек Евро Лига жылдағы дәстүр бойынша біздің елдің Доп сүйерлері үшін аяқталды. Әу баста төрт командамыз шыққан тұғын бұл додада бақ сынауға. "Шахтер" бастап, "Ақбөбе" қостап, "Ертіс" есеңгіреп, "Астана" ауылда қайтып демалды бұл додаға. "Ертіс" екінші таймда сүрінді. Қалған қос команда ақырына дейін шыдап бақты. Қоржынға біраз ұпайды да салды осы жолы. Көпшілігіміз "Ақбөбе" мен "Шахтерден" көп үміт күттік. Үміт ақталды да. Ал енді тақырыпқа қайта оралсақ. Глазгода басталған қарымта кездесуде Алаң иелері саналатын "Селтик" командасы тайлы тұяғы қалмай шабуылды үдетті. Біздің жігітерде осал еместі. Бірінші тайм 0-0 еді. Бәрін төреші бұзды. Ойынға 2 минут қосуы мұң екен 45+1 минутта Коммонс таблодағы есепті өзгертті есеп 1-0 "Селтиктің" пайдасына шешілді. Қос командада 15 минуттық үзіліске кетті. Екінші таймда тағыда "Селтик" командасы желпініп шыға келді. Грек Самарас ойынның 48 минутында есепті еселей түсті. "Селтик" командасы 15 минут үзілісті есептемегенде бар жоғы 2 минут ішінде 2 гол соқты. Біздің жігіттер қаймықпады. Ойын алма кезек шыбуылға ұласты. "Шахтердің" шабуыл өтіндегі жалғыз Хижниченкоға мүмкіндік бермеді "Селтик" қорғаушылары. Әйтпесе Хижнида есеп ашуға бірнеше мүмкіндік болған еді. Біресе қорғаушылар аяқтан шалса, екіншісінде Хижниға "Шахтер" ойыншылары дер кезінде көмекке келе алмады. 90 минут осымен тәмәмдалды. Төреші қосқан 4 минут бәрінде талқан етті. Ойынның 90+3 минутында Форрест есепті 3-0 ге жеткізгенде Лепп Неонның балаша қуанып шәкірттеріне қарай тұра жүгірген. Әрине ойтпеске лажы болсынба? Соңғы минутта командағы жеңіс әкеліп жатса. Бірнеше секундтан кейін Бас қазының ысқырығы естіліп ойынның біткенін білдірді. Есеп 3-0 Шотландтардың пайдасына шешілді. Бұл маусым осылайша Қазақ жанкүйерлері үшін тағыда ерте аяқталды. Ұмытып барады екем "Шахтер" командасы Евро Лиганың топтық турнирінде таласқа түетін мүмкіндігі бар. Кім біледі "Шахтер" "Селтикте" кеткен өшін осы Евро Лигада пайдаланып қалар.