Таланттарға толы Қазақ жері.

Таланттарға толы Қазақ жері.
жеке
блог

Өткен жұманы жақсы бір жұмысқа арнадым. Университет қабырғасында төменгі курста оқыған әнші қыз әдемі бір ұсыныс жасап қуана келісім берген-дім. Республикалық арнаның бірінде үлкен көлемдегі музыкалық жоба ашылғалы жатыр. Негізі жарнама жасауға болмайды,мен сол тәртіпті бұзғалы тұрмын. Қысқасы,Америкадан бастау алып Ресейге жетіп енді еліміздің есігін ашқан "Дауыс" жобасы. Бізде "Қазақстан дауысы". Өзім ғаламтор желісінен шаршамай көретін жобамның бірі. Түрлі таланттарға есік ашқан жоба. Әлгіндегі құрбыма университте организатор ,мәдениет бөлімінің қызметкері ретінде біраз көмектесетін болуым керек қасына жанкүйер етіп мені таңдады. Келісімім оны қуантқаны мен үшін ерекше серпіліс берді. Бір адамды мұншалықты қуантамын деп ойламадым.Жай ғана бір "ия" деген сөзбен. Қысқасы,Ақтаулық Гүлфайруз Баспаеваға жанкүйер болып түсірілімге қатысуға  шын ниетпен,ынта-шынтаммен келісім бердім. Бастысы мен оған сенемін,себебі құрбымның дауысы кең. Өзінің болмысы шынашақтай болғанымен,түріне қарап мынадай кішкентай қыздан осыншалық кең дауыс шығады деп ешкім ойламайды. Расымен. Түрі де кәрістің сериалдарындағы тентек қыздар секілді,киім киісі,боянуы бәрі -бәрі сүп-сүйкімді. Сөйлегені тіпті қызық. Көздері әрлі-берлі жыпылықтап әдемі сөйлейді. Ойбу,құрбымды мақтап кетіппін ғой...


Сондағы менің риза болып қайтқанымды көрсеңіздер,тіпті бір екі жерде көзіме жас алып та қайттым. Таланттарға баймыз,сөзім жоқ. Бәрінде толғаныс,қорқыныш. Кезек -кезегімен әндерін айтып ,таңдалғандары қуанып,таңдалмағандары өкінішпен қайтуда. Таңдалғандар демекші,бұл жобаның ерекшелігі қазылар алқасы,анығырақ жетекшілер ән айтып тұрған адамның кім екенін көрмейді,теріс қарап отырады. Тек дауысын тыңдайды,егер денесін шымырлап өтердей дауысқа ие жан болса,орындаушының дауысы ұнаса бұрылып қарайды. Ол -оның таңдағанының белгісі. Ал таңдаушылар бір адамнан артық болса,онда жетекшіні таңдау еркі орындаушыға беріледі.

Мықтымын дегендер толассыз. Бәрі де өзіне сене алады,көке-жәкең көмектеспесі анық,себебі олар сені көрмейді,білмейді. Айтқандай,жетекшілердің қатарында Нұрлан Албан,Алмас Кішкенбаев,Медеу Арынбаев және сүйкімді ару Мәдина Сәдуақасова. Байқағаным,бәрі де өзінше қатал. Себебі алғашқы 10 адам өткенше ешкім таңдалмады. Нешетүрлі мықтылар құлап жатты. Олардың бұрылмағанына мен ашуланып отырмын. "Әй ,бері қарасай,бұрылсай,таңдасай,басшы" деп әлекпін. Ән дегенде жанымды беретін мен,денемді шымыр еткізерлікке апарған дауысты естісем орынмда отыра алмай айқайлап я секіріп тіпті болмаса көзіме жас алып кететінім бар. Расында сондай дауыстар бар екен елімізде. Бар болғанда қандай. Ең алғаш аса селт ете қоймадым,мүмкін қарапайым дауыстар болғандықтан болар. Бірақ шынымен дауыстары мықты деп айта алатын таланттар бар,Сондай бір қызды көрдім,ол қызды алдын ғаламтордан Х-фактордың іріктеуінен көрген едім,менің бір адамды көріп я естісем ешқашан ұмытпайтын жақсы қабілетім бар, содан таныдым. Есімі-Бақтылы. Ақтаулық,табиғи қырылы,былай айтқанда даусының "хрипы" бар әнші. Кешьюдің "Әдемі қызын" өте жоғарғы деңгейде орындап шықты,өзінше бояуымен әрине. Бірақ мен оны дәл МӘдина ханымға ұнай қоймасын анық білген едім. Себебі Мәдина алдын Саз әлемінде Кешьюге осы орайда сын айтқан,"бұлар зарлап айтты "дегенге сайып. Ал мен Бақтылыны білемін,жанын жеп айтатын әнші. Мұңға толтырып айтты. Айтқаным дәл келді,Мәдина менің ойымды оқығандай өзгертпей ойын осылай  айтып шықты))))


Сосын Астаналық бір қыз шықты,шынымды айтайын, оны анасы мақтағанда даусы осыншалық деп еш ойламаппын. Қалай айтушы еді әлгі,"аузым ашылып қалды" дейді ғой,жағдайым тап солай болды оның орындауын естігенде.  Келді де Земфираның "Небо Лондона" әнін айтып залды "жыртып" тастады. Мен есімді жинай алмай қалдым,қатты қуандым мәз болып әлгі қызды "сүйіп алғым" келді-ау. Былай қарасаңыз ол өте қарапайым ән. Дауысты көрсете білу орындау шеберлігі,техникасын өзгертіп шеберлік көрсете білуі әрбір орындаушыға байланысты. Бұл қыз дәл солай етті. Мен рухани ләззат алып,рахаттанып отырдым. Сосын Мархаба деген қыз шықты,әуелде Бейонстың "Хеллоуын" бастағанда аса тамсанбап ем,себебі мүмкіндігі болса да жоғарғы нотаны алмағанына ренжіп отырдым,одан қалса жетекшілер де бұрылмай тұрған-ды,бірақ ән біте бергенде фальцетті ұстағанда Мәдина шыдамай басып жіберді,менің айқайлап қуанғаным -ай. Расымен ол қыз не де болса сол фальцетпен жеңді.Білмейтіндерге,фальцет төменгі нотадағы дауыс. Бірақ мен іштей мәзбіз,қуандым Мархаба үшін.

Мені жылата алған әншілер, анығырақ жастар болды,бәрі де 20-21дегі өзім қатарлылар. Асан атты Алматының жігіті Джоу Копердің "Sunshine" әнін соншалықты шебер орындады,тіпті жетекшілер өз құлақтарына өздері сенбей бұрылуды да ұмытты. Мен сол сәт тқрешілерге қатты ашуландым,айқайлап та жібердім көзіме жас келді. Асанды таңдамағаны-орындау шеберлігінің мықтылығы ,әнді қыз не ұл айтып жатқанын олар ажырата алмады. Осыны сылтау етіп те ақталды,бірақ ұқпағаным қыз болса таңдамау керек па еді?! Төрешілерден Албан Нұрлан көзіне жас алды,мен оны түсіндім өкінді себебі. Мен де өкінер ем,оның үстіне Асан оқуын қаржының тапшылығына байланысты тастап кетіпті. Обал-ақ,сондай дарын иесі. Жүрегім ауырып кетті. Ешкім бұрылмады. Ешкім. қалай жыламайсың...

Келесі орындаушыны әуелде тыңдағанмын,нақтырақ көргенмін. Ән,музыка мен үшін қатты маңызды екенін ұққан да боларсыздар. Осы себептен де көктемде  Өнер академиясы студенттерінің қорытынды емтихандарын көруге барғанмын. Эстрада-вокалдың әрине. Тек 1-2 курс студенттері болған. Сонда Толғанай деген бір студенттің өнеріне сүйсініп қайтқанмын. Ол кезде Толғанай қарапайым ғана қара көйлегін киіп,тіпті әнгіге ұқсамайды өзі, микрофонды үрке ұстаған адамдай көзі бақырайып әрең шықты. Оның сахнаға шыққанын көріп ән айту тіпті оған жат дерсің,бірақ жоқ |Ол Джениффер Хадсонның "One night only" әнін айтқанда мен көзім шарасынан шығардай таң қалдым. Бұндай дауысты,орындау техникасы шебер,әрбір нотасы мелизмдері орнымен айтқан орындаушыны кезіктірмеппін. Ол студент,бірақ "залды қақ айырды". Дәл сол мені "шок қылдырған" Толғанайдан мен үлкен үміт күтіп,"қандай ән орындар екен ?"деген сұрақпен отырдым,күткенім де сол қыз еді. Үмітім екі есесімен ақталды,Алматылық Толғанай әдетінше қарапайым қара көйлегімен шықты. Әнші Динара Сұлтанның Славьян базарында орындағана "Сен" әнін жоғарғы деңгейде орындады. Әрбір сөзі,алған жоғары және төмен ноталары менің жүрегіме жетті,орыстар айтқан "муражки по коже" дегені сап келді,онымен қосыла айтып, қуанғаннан көзіме жас алдым. Осындай таланттардың тасада жүргендерін ойлап тағы күрсіндім.Бірақ олар далада қалмайды,себебі бәрінің кәсіби деңгейде білімдері,дипломдары бар. қазақтың атын шығаратын осылар. Тек еліміздің сахнасында қалып қоймаса екен дейсің. 

Өкініштісі,менің Гүлфайрузыма төрттіктің бірі де бұрылмады. Мейлі,көндік,бірақ оның досы Ақтаулық Данияр Николай Носковтың әнін айтады дегенде сұрақ пайда болғанды. Шыдам да жетпей кетті қашан шығар екен деп. Шықты. міне ер адамның дауысы,мәссаған. Николайым жолда қалды ма деп қалдым. Жастар айтпақшы,"нервно курит" болды))))))) Ризалығымда шек жоқ,сахна сыртында бәрінің түрлеріне бір қарап шығып өзіме үміт пен сұрақты қойып  қарағандарымның барлығы да үмітімді есесімен ақтап,сұрағыма әдемі жауап қайтарды. Айта берсем жастар көп,Жасұлан Әйтенов,ағайынды Нұрсұлтан мен Бексұлтан,айтқандай олар Шымкенттік,сосын Алиша Киздің "I keep on falling" әнін орындаған қыз,бәрі де мықты,бәрі де керемет. Қаншама таланттар ренжіп шықты. Амал жоқ,жобада белгілі бір сандағы адам ғана қатыса алады,мүмкін толған да болар,таңдамады. 

Қуаныш,ашу,ыза,көз жас,налу,рахаттану,ризалық...менің барша эмоциям шықты. Рухани ләззат алу осы болар. Аш отырмын,ыстық адам көп,тер бастық,бірақ кеткім келмеді,керемт бәрі.Ұнап жатыр. Мен үшін нағыз рахаттану ,демалу деген осы еді. Сұрасаңыз тьағы да сол тамсаныспен айтып бередей отырмын. СЕБЕБІ БІЗДЕ АУЫЗ ТОЛТЫРЫП АЙТАР ТАЛАНТТАР ӨТЕ КӨП. Енді құрығанда шетел асып бізді танытарға қолдаушылар болса екен,себебі олардың барлығы студенттер,жай ғана ЖАСТАР!!!

Ал болашақ-жастардың қолында екенін үлкендер ұмытпаса екен.!!!

Біздің сахнада қазіргі әншісымақтардан гөрі дәл осы жастар жүрсе шоу-бизнесіміз шарықтар еді...

 

Суреттер қоюға болмайды,әйтпесе маған ұнаған жастардың барлығын қояр ем. Бұйыртса бұл жоба көп ұзамай ұлттық арнадан көрсетіледі. Асыға күтемін.Сіздер де күтіңіздерші,көріңіздерші нағыз таланттарды.