АСЫЛ АРМАН

Араға үш ай салып, массагетке келесі жазбамды әкелдім. Армысыздар, достар! Уақыт шіркін зулап өтіп жатыр. Массагет есте болса да, оған қол жеткізуге уақыттың аздығы мүмкіндік бермеді. Алғашқы жазбамды жылы қабылдап, пікір білдіргендеріңізге алғыс білдіремін!

Менің кезекті бейнебаяным жарық көрді деген жаңалықпен кезекті блогымды бастайын!! Ринат Зайытов пен Арман Дүйсенов деген талантты ақын мен композитордың біріккен кезекті туындысын орындау бақыты маған бұйырды! Ән «Асыл арман» деп аталады. Жаңа ән мен қызмет ететін «Шайн» продюсерлік орталығы түсірген «Трактористтің махаббаты» телехикаясына саундтрек болды.

Енді жаңа ән туралы...)

Әнді жазу үстінде оның табиғатына, ән мәтінінің астарына терең үңілеміз... Махаббат, тарих, халық әндерін орындаудағы сезімдер өз алдына, «Асыл арманды» шырқаудағы сезімім өзгерек болды... Өмірдің талай сынақтары талай жанды құлатқаны рас, бірақ оларды аяқтан тұрғызған – ойлаған армандары... Демек, АРМАН – адамды алға жетелейтін ұлы күш!

Бәріміздің қиялымызда тек өзіміз білетін үлкен армандар бар... Солай емес пе?! Ең жақын жанға да айта қоймайтын асыл армандар бар. Оған жету үшін талай асулардан өтеміз, бәрібір жетуге тырысамыз! Міне, сондай арман туралы шыққан ән маған ерекше жігер берді...ой салды...ыстық көрінді! Тосқауыл тұрса да, арманға бәрібір жетерімізді әнге де қостық!

Массагеттік достарымның асыл армандарының көп күттірмей орындалуына тілектеспін!

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/AVSQQlQqWQg","width":"640","height":"360"});

«Трактористтің махаббаты» телехикаясы 2-қыркүйектен бастап «Ел Арнадан» көрсетіледі!



Бөлісу: