Идеал не болуға тиіс?

Л.Н.Толстой айтыпты: - Идеал не болуға тиіс? - Баршаны жақсы көру және өзіміз қаламайтынды өзгеге жасамау... Түйгенім, өзіңді өзің түзеткің келсе неден бастарыңды білмей бас қатырасың. Жазып та, сызып та, есептеп те көрдім. Эффективті түрі болар емес... Енді осы Толстойдың сөзін қолданып көрсем деп ойлаймын "өзіміз қаламайтынды өзгеге жасамау..." Қалайша, қарапайым мысал, күнделікті тұрмыста отбасы мүшелеріңмен ұрысып қаласың. Енді ұрысқанды қаламасаң, өзіңде оларға ұрыспа. Сол сияқты бірнеше мысалдарды келтірсең, ең бірінші, өзіңді түзеу, яғни өзіңді өзгерту келіп шығады. Оңай сияқты ма әлде қиын ба екен...? Уақыттың еншісіне қалдырып көрейік. Ұмытып барады екенмін, "баршаны жақсы көру" дегенді. Ия, қазіргі таңда "жақсы көру" ұғымының қадірін ұмытып бара жатқан секілдіміз. ХХІ ғасырға келіп, жаңа заман, өркениетті қоғамда өмір сүріп жатсақ, қоғамдық сананың өзгеріп, құндылықтардың жаңа түрлері еніп, адамзатқа "эгоистік" көзқарастың тереңдеп сіңіп жатқаны көп байқалады. "Баршаны жақсы көрмек үшін" не істемек керек? Алдымен өзіңді жақсы көруің керек. Өзіңді жақсы көруді қандай қалыппен (формамен) бағалау керек? Ойлану керек, ойлану үшін ақыл керек, ақылды болу үшін оқу керек, оқу үшін іздені керек...



Бөлісу: