жеке
блог

2 мың теңгелік уақыт

Үйіне қатты шаршап келген әкесі өзін есік алдында тағатсыздана күтіп отырған баласын көреді. Бала әкесінен: ‒ Әке, осы сіз бір сағатта қанша ақша табасыз? ‒ деп сұрапты. Онсыз да жұмыстан қажып жүрген көңіл-күйі жоқ әкесі «Онда шаруаң қанша?» деп, жауапты қысқа қайырыпты. Бала сонда да қоймай: ‒ Әке, өтінем, айтыңызшы? Білгім келеді, ‒ деп тұрып алыпты. Тезірек құтылуға асыққан әкесі: ‒ Қатты білгің келіп бара жатса сағаты екі мың теңге, ‒ деп жауап беріпті. – Онда маған 1000 теңге қарыз бере тұрыңызшы? ‒ деп жабыса кетіпті баласы. Қатты ашуланған әкесі: ‒ Әй, таусылмайтын сенің ойыншықтарыңа шаша берер менің ақшам көп емес. Одан да өз бөлмеңе бар да есікті жап! ‒ деп айғайлапты. 
 Бала үндемей ғана өз бөлмесіне кіріп кетіпті. Баласының бүгінгі қылығына жыны ұстаған әкесі сабасына түскен соң барып «Бұл неге ақша сұрай қалды. Жоқ, бірдеңеге қатты қажетсінді ме екен» деп білмек болып баласының бөлмесіне бас сұғыпты.

 ‒ Балам, бағана ұрысқаныма ренжіме! Жұмыстан қатты шаршап келгендікі ғой. Мә, 1000 теңге ала ғой, ‒ деп ақша ұсыныпты. Қатты қуанған бала жалма-жан жастығының астындағы өз ақшаларын да шығарып, бәрін қосып санай бастапты. Ақшасы бола тұра неге ақша сұраған деп қабақ түйген әкесіне сонда баласы: ‒ Әке, мендегі ақша жетпеген еді. Міне, енді екі мыңға толды. Осыны алыңыз да мен үшін бір сағатыңызды бөліңізші? ‒ деп, әбден жұмысбасты болып баласына уақыт бөле алмай кеткен әкесін ұялтқан екен... 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі