"Қазақ комментаторларына көрермен ретінде айтар өтінішім..."

Фейсбукта көптеген қызық бар. Мүддесі анық, айқын жазбаларды оқығанды ұнатамын. Соның ішінде ерекшесі Руслан Меделбек бауырымыздың жазбасы шын жаны ашығандықтан шығып отыр. Спорт комментаторларының деңгейі, мүмкін, осындай сын мен кеңес арқылы көтерілер?



"- Жүргізіп отырған спорт түрлерінің ережесін жаттап алыңыздаршы. Сіздер ереже білмей отырсаңыздар, көрермендер де түк түсінбей отырады. Мәселен, қазспорт арнасы синхронды жүзу мен суға секіруді көрсетті. Комментатор (атын атамай қояйын) суға секіргенде үш жюридің бағасы неге сызылып, тек үш қазының бағасы есептелетінін білмей отырды. "Сальто два с половиной оборотом передной стойки" деген сияқты секіру әдістерінде білмейді. Айтатыны "керемет секірді", "жақсы секірді" деген тіркестер ғана. Синхронды жүзуден "керемет биледі" дейді, бірақ әділқазылар төмен балл қойып тастайды)) Сіздер судағы әрбір қимылдың мақсатын және оның орындалу ерекшелігін біліп отырғандарыңыз жөн. 

- Екінші, георгафия. Елдердің туларын білмей қиналып жатырсыздар. Мәселен титрда "BOT" деп шықса, бұл Ботсвана елі болмақ или туын жаттап алыңыздар. Комментаторлар жеңіл атлетикадан Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында экзотикалық елдердің туын танымай қиналды. Сент Китс и Невис, Суринам, Никарагуа, Сальвадор, Чад, Сомали елінен спортшыларды жарысқа шықса, оларды таныстырмай аттап кетеді. Неге? Себебі туын танымай қалып жатады. 

- Үшінші, ағылшын әріптерінің оқылуынан ақсап жатырмыз. Спортшының атын титрдан дұрыс оқымай титықтап қаламыз. Осыны ескерсек... Ағылшынша оқылуды үйренсеңіздер нұр үстіне нұр

Десертке көтеріңкі көңіл күй мен қазақстандықтар шыққанда жанкүйердің назарын аударар қиқуларды да қоса отырыңыздар. Бұл менің Сіздерге айтқан жанашырлық кеңесім деп білерсіздер. Себебі менде эфирдің жай-күйін білемін... Сәттілік!"



Бөлісу: