Сұлудың мұңы

Сұлудың мұңы
жеке
блог

Ұсқынсыз, неге, сұлудың мұңы,

Бола ма әлде бағы кем?!

Шын махаббатты білудің құны

Өлшене ме екен тәнімен?!

 

Сұлулар неге жылайды осы,

Жылатып жүрген кім деймін?!

Жалған сезімнің лайлы көші,

Тұншықтыра ма...Білмеймін..!

 

Сұлуға мінез жараса қалар,

Тәкаппар болшы, жарығым!

Сенің жаныңа араша болар -

Біздің жүректің халі - Мұң..!

 

Маңдайы қыздың тар шеңбер, неге,

Маңдай біткеннің қоры ма?!

Сұлулар түнде кемсеңдер, неге,

Ақын жанының сорына?

 

Жанарын ешкім ластамасыншы,

Қашанғы жылауық болайық!

...Тесік моншақты тастамасыншы,

Алқа қып тағып алайық!

 

Бас бермегенмен асау да қанша,

Әлсіздігі де сезілер...

...Жігіттің көзі жасаурағанша,

Жүрегі қыздың - езілер!!!