Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / 14-ақпан «Ғашықтар күні» дегенге қарсымын!

14-ақпан «Ғашықтар күні» дегенге қарсымын!

14-ақпан «Ғашықтар күні» дегенге қарсымын!

Жыл сайын 14-ақпанды асыға күтетін жастар көп. Әсіресе мектептің жоғарғы сыныбындағы оқушылар мен студенттер үшін аталмыш күн ерекше мереке.  Жасыратыны  жоқ бұрындары бұл мейрамды менде  тойлайтынмын.  Мектеп қабырғасына ілінген жәшіктен өз мекен-жайыма жызылған хаттарды алып, оқығанша асығушы едім. Мектепте  хат көп келген адамға арнайы сыйлық дайындалып, дискотекада тапсырылатын. Сол үшін, хаттардың көптеп келегенін тілеуші едік. Түрлі-түсті жүрек тәрізді құттықтау қағаздары лег-легімен келіп жататын. Біреуі ұнайтын жігіттен, екіншісі мүлде ұнамайтын жігіттен, енді бірі досыңнан деген сияқты. Өзіме ұнайтын жігіттен келген хаттарды қайта-қайта оқи беріп жаттап алатынмын. Ал, унамайтындардың хаттарын тіпті ашыпта қарамайтынмын. Дәл осы күні  «Әулие Валентинге арманыңдағы жігітті айтып, қол жайып, тілек тілесең қабыл болады» дегенді естіп алып, балалықпен оны да іске асырдық. Қазір есіме алсам күлкім келеді. Бірақ неге екені белгісіз, 1-курс студенті болғаннан бастап мен үшін «Валентин күні» өз күшін жойды. Бұл мейрамды тойлауға аса құлықты болмадым. Группаластарым жарысып, тапа-тармағай құттықтау қағаздарын сатып алып, сүйіктілеріне жазып жіберіп жататын. Мағанда өзге топтың жігіттерінен хаттар келетін. Бірақ, мән бермейтінмін.  «Әулие Валентин» деген кім өзі? Қайдан шыққан? Осы сұрақ төңірегінде көп іздендім.

     Жалпы «Әулие Валентин» күнінің шығу тарихы жайында не білесіз?

     Ерте заманда Рим императоры жарлығымен 14 ақпан «Әулие Валентин» күні деп жарияланады. Бұған себеп Валентин деген католик дінінің өкілі үйленуге болмайтын, бірақ бір-бірін сүйетін жандарды император жарлығына бағынбай,некесін жасырын қиып жүрген. Осы жайтты естіген император Валентинді түрмеге жабуға бұйрық шығарады. Католикші «монахтарға» діни негіздер бойынша үйленуге тыйым салынған. Бірақ оған қарамастан өзінің құмарлығына жол беріп, Валентин түрме басшысының қызымен кездесуге бел буады. Мұны байқаған қорғаушылар оны дарға асып өлтіреді. Содан бері  христиан дінінің католик тармағын ұстанатындар 14-ақпанды «Ғашықтар күні» деп тойлайды екен. Өйткені, олардың ойында «Валентин  махаббатың құрбаны болды» деген түсінік қалыптасқан. Мінеки, көрдіңізбе, қайдағы бір католиктер мейрамы біздің қазақ жастарының да соқыр сенімдері бойынша «Ғашықтар күні» болып тойланып жүр. Ал оның қазақтардың ғашықтар күніболуына ешқандай негіз жоқ.

   Қазақтың дархан даласы қандай кең болса, оның махаббатыда сондай шексіз. Ләйлім-Мәжнүн, Еңлік- Кебек, Қозы мен Баян, Төлеген мен Жібектің махаббаты осының бір дәлелі. Жастарымыз жаппай католиктердің Валентинін өзіне пір тұтып, 14-ақпанды мереке етіп тойлағандықтан Республикалық жастар қозғалсы ақылдаса келе 2006 жылы 15-сәуір «Қозы мен Баян» ғашықтар мейрамы деп белгіледі. Расында да қазақи «Ғашықтар күнінің» болғанына қуанамын. Бірақ бұл мереке пәктік пен шынайы сезімнің, құрмет пен отбасылық тіректің мейрамы болса игі. Жалпы қазақ болмысына тән қасиеттермен тойланса деймін.  Ұлттық ділімізге, дінімізге, мәдениетімізге жат қылықтардан сақтанып, қазақ болып туған соң, мұсылман болып жүріп католиктердің мерекесін «Ғашықтар күні» етіп дүркіретіп атап өтуден аулақ болайық жастар!

Біз қазақпыз, ғашық болған Баянға,
Ей, жастарым елін үшін аянба
Ғашық болсаң Валентин күнін емес
Қалқаман мен Мамыр жайын баянда.
Биз қазақпыз ғашық болған Жібекке,
Еңілікті айт ынтық болған Кебекке
Қазағымның өз тарихы тұрғанда
Өзге ұлттың Валентині керекпе?

22419 49
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 13 ақпан 2012, 17:04
Тегтер: 14 акпан, Валентин куні
Пікірлер
+0
13 ақпан 2012, 17:23

Иә,келісемін! О баста әулие Валентин емес, жай ғана ғашықтар мерекесі десе, тойлауға болар еді. Қазір мен мыңқ етпеймін. Ал, Гүлнұр, жазбаңыз — өзекті:):)

+0
13 ақпан 2012, 17:25

14 ақпан күні мыңқ етпеймін деймін.

+0
13 ақпан 2012, 18:45

Мыңқ етпеген дурыс ! баріміз мыңқ етпей журейік ертен

+0
13 ақпан 2012, 17:28

Қосыламын! Отыр, бес! Қазақ еліне қайдағы бір Бәлінтин күні керек пе? Және жаңа жылды да алап тастау керек

+0
13 ақпан 2012, 17:28

"Дұрыс" деп қолдайтын жастар көп деп ойлаймын, рахмет мағлұмат үшін!

+0
13 ақпан 2012, 17:50

Нурзи, дауыс жинап жатсаң, менің "ҚАРСЫМЫН" деген дауысымды да қосып қой))

+0
13 ақпан 2012, 17:53

"Дұрыс" деп қолдайтын дегенім, Гүлнұрдың айтқанын қолдайтын жастар көп дегенім ғой))), әйтпесе нем бар бұл күнде, мыңқ етпеймін мен де))

+0
13 ақпан 2012, 17:48

Мен де қарсымын

+0
13 ақпан 2012, 17:49

Даааа, 14-ақпан мен үшін құрбымның туған күні ретінде ғана есте қалады. Мектепте оқып жүргенде сол Валентиннің кім екенін де білмей, у-шу боп тойлай беретінбіз. Қазір ойлап отырсам, тіпті ерсі екен.

+0
13 ақпан 2012, 17:51

Валентин жасасын!)))

+0
13 ақпан 2012, 17:53

Мұхтар Болатов, сонда Бәлінтин күні қазақтарға керек деген сөз ба?

+0
13 ақпан 2012, 20:06

кеше базарда адамдар топырлап валентинка сатып алып жатты, демек, керек! тіпті болмағанда, бізде секіс жоқ па не? ққққ

+0
13 ақпан 2012, 22:11

Мұхтар Болатов, Қазақстанда секс жоқ!

+0
13 ақпан 2012, 22:15

сіз бен біз қайдан шықтық онда? екі аяғы салбырап аспаннан түскен адамды көрмедім әлі=)

+0
13 ақпан 2012, 22:20

ойбай, бәрін бір жерге айдап жібердің ғой, секс ол секс, ал жыныстық қатынас ол жыныстық қатынас.

+0
13 ақпан 2012, 22:26

мырзалар таласпайық, қазақтарда бәрі бар, жоқ деп жасырып ат тонын ала қашқаннан не болмаса жарнамалап керегі не?

+0
13 ақпан 2012, 22:33

ШейхІсләм деген азаматша, сіз дұрыс айтасыз, бірақ негізі мен әлі күнге дейін BDSM не екенің білмеймін, достарым күледі екен да...

+0
13 ақпан 2012, 22:41

менің үшінші атамның есімін олай мазақ етпей сөйлесеңіз екен, Шайхислам!!!

+0
13 ақпан 2012, 23:14

Кім сөйледі? Кешірім өтінем, басым идім, оң қолым жүректе, тәжім тәжім тәжім үш рет, басымда қупийә бар, махаба дедім.

+0
13 ақпан 2012, 22:29

бұл тақырыпты жалғастырмай-ақ қояйық

+0
13 ақпан 2012, 17:53

Мамамның туған күніне торт алдық. Валентин күні деп мән бермейміз ешқашан!

+0
13 ақпан 2012, 17:54

Ханымдар мен мырзалар, ледилер мен жеңтілмендер, неге ереуілге шықпасқа?

+0
13 ақпан 2012, 18:02

Осы мейрамға қарсылық білдіріп жүріп, қара пиар жасап жарнамалап жатқан жоқпыз ба өзіміз? Бір массагеттің өзінде осы тақырыпқа байланысты қанша рет пост жазылып, пікір айтылды. Ешқандай назар аудармай-ақ ұмытып, 15-ші сәуірде осы ғашықтар күніне посты бұрқыратайық та одан да. )) Қарсылығымызды солай білдірейі. Әрі өзіміздің мейрамға насихат болады.

+0
13 ақпан 2012, 18:14

Қыпшақ қызымен толықтай келісемін! Маған да бұл күн әсер етпейді деуге болады.

+0
13 ақпан 2012, 18:14

Жөн, жөн. Қосыламын толықтай

+0
13 ақпан 2012, 18:55

14 акпан жай гана календарьдын кунделикти бир куни!Валентин кунин Валентиннин ози тойласын!Байкап журмин осы 14 акпан куни гашыктар кунине арналган концерттер берип жатыр екен биздин кейбир аншилеримиз атап айтпай ак кояйын!Бир айтарым УЯТ!!!!

+0
13 ақпан 2012, 20:08

Бәріңізді аса қасиетті Валентин күнімен шын жүректен құттықтаймын! Айрықша ләззатқа бөленулеріңізге тілектеспін!

+0
13 ақпан 2012, 20:45

Рахмет, бірге болсын!
Бізге Валентин ба басқа ма бәрібір, бастысы махаббат!

+0
11 ақпан 2016, 21:55

Мен үшін қасиетті емес

+0
11 ақпан 2016, 21:57

Мына мақаланы орысша болғандықтан түпнұқасымен берейін. Сөз жоқ!
День Святого Валентина – это день, который знают все влюбленные в мире. День, когда принято с особым вниманием относиться к своим половинкам и оказывать им всевозможные знаки внимания и дарить подарки.
Для большинства из нас этот праздник связан с легендой об отце Валентине, которого казнил деспот император за то, что он де нарушил закон и венчал влюбленных. Было ли так на самом деле?
С чего все началось...
Сегодня доподлинно известно, что этот праздник берет свое начало еще с Древнего Рима. Назывался он тогда Луперкалий (или Фестиваль эротизма) и праздновали его 14 февраля в честь бога Фавна (Луперка) и богини неистовой любви Februata Juno. Появился он благодаря римскому оракулу, который предсказал, что если в этот день раздетые мужчины будут хлестать кнутами из козлиной кожи женщин, то женщины станут более плодовитыми и смогут родить здоровых детей. Римляне так и порешили. После того, как совершался обряд избиения, женщины также раздевались. Далее, как утверждают летописи, начинались оргии. Доподлинно не известно, был ли у римлян после введения такого праздника демографический взрыв, но, несомненно, это «веселье» должно было вести к увеличению рождаемости.
Фестиваль Луперкалии просуществовал достаточно долго и уже во времена раннего христианства очень раздражал священников, которые отвергали все языческое, тем более праздник эротизма. В 494 году нашей эры, Папа Геласий приложил максимум усилий, что бы прекратить празднование, что отчасти ему и удалось. Однако простолюдины не могли отказаться от того, что воспитывалось у них с молоком матери, и святые отцы решили, что праздник, который чтили веками, получит нового покровителя – Святого Валентина, что позволит скрыть истинные мотивы веселья в этот день.
При чем здесь Валентин?
Легенда, которую церковь придумала в оправдание празднования, рассказывает о следующем. Молодой священник Валентин нарушал закон, венчая молодых солдат и их возлюбленных, хотя сочетать узами брака солдат в то время было запрещено. Однажды он встретил девушку, которая была слепа от рождения, но отец девушки очень просил священника помочь ее вылечить. Валентин старался, прикладывая к глазам больной целебные травы и читая по ночам молитвы. Но тиран Клавдий II , узнав о его помощи влюбленным и нарушении закона, поймал его и казнил. Из своего заточения Валентин успел передать девушке послание: цветок желтого шафрана (крокуса) и послание «От твоего Валентина». Девушка, получив послание, посмотрела на цветок и увидела его – так любовь принесла ей исцеление, а она стала первой девушкой, которая получила "валентинку".
Возникает главный вопрос – а существовал ли тогда реальный Валентин? Откуда он взялся? Да, такой священник был, но никого он тайно не женил, а казнен был не 14, в день праздника, а 12 февраля в 269 году за то, что критиковал власть Клавдия и призывал исполнять заветы Христа, а не указы императора. Вот такая история. По дате казни именно он лучше других подошел церкви, был канонизирован и стал олицетворять Любовь.

+0
13 ақпан 2012, 22:50

Шын айтсам, бәрібір. Осы жолы ақша экономдайық деп шештік. Махаббатқа күнде бөлеу керек. ))

+0
13 ақпан 2012, 22:53

махабббббббббббббббббббббббббббат)) көңіл аудармай ақ қойыңыз, бббббббббббббб әрпім дұрыс істемейді

+0
14 ақпан 2012, 00:13

Қайра, котик, обещаю тебе махаббббббат!

+0
14 ақпан 2012, 00:19

Қайреке және Бәке сонда...менің түсіңгенім дұрыс па? Ойбай, жаман ойлар мені жеп барады...

+0
14 ақпан 2012, 09:01

Мен де қосыламын. Біздің жанұя үшін ағамыздың туған күні. Жасы бар, кәрісі бар бүкіл алматылық туыстар сол туған күнді тойлауға жиналу дәстүр

+0
14 ақпан 2012, 10:28

Валенитн күні құтты болсын

+0
14 ақпан 2012, 10:38

В тему кетті да... ))) Авторы мен емес! ))

+0
14 ақпан 2012, 10:50

"бұл - қазақтардың мейрамы емес" деген қыз да, жігіт те, бұл күннен "әй бір қызық махаббат оқиғасы болып қалар ә?" деп күтеді)))))))))((

+0
14 ақпан 2012, 10:55

Пікірімді Әулие Валентиннің атымен бастаймын))), енді діннің қарсылығына қарамай , сезімді діннен биік ұстап құрбан болған адамның несіне қарсы болып жатсыңдар, түсінбедім ?))

+0
14 ақпан 2012, 17:05

Enlikti ait gawik bolgan Kebekke, Tolegendi ait gawik bolgan Jibekke, kazagimau!!!! Ozge eldin valentini kerekpe.......... Деген екен )))))

+0
14 ақпан 2012, 17:38

оның әулилелігі - өзін діннің адамымын демей, адамға тән құбылыстарды насихаттап, сіз бен біздің ата бабамызға еркіндікті үгіттегенінде

+0
14 ақпан 2012, 17:51

Сол әулиенің атын тіркемей-ақ махаббат күнін мерекелеуге болады ғой. Әулие болса өз елдеріне әулие. Біздің тарихымызға қатысы жоқ.

+0
14 ақпан 2012, 18:26

оттамашсенқыз

+0
14 ақпан 2012, 18:30

осы дұрыс, енді осындай сөздер керек қой, анау біздің сорлы қазаққа

+0
14 ақпан 2012, 18:02

Қозы ғашық болғанмен, Баянның бағы жанған жоқ.
Төлеген ғашық болғанмен, ол Жiбектi алған жоқ.
Кебек ғашық болғанмен, Еңлiк бақытты болған жоқ.
Абай ғашық болғанмен, Тоғжанға орамал салған жоқ.
Бiржан ғашық болғанмен, Ләйлiм iздеп барған жоқ.
Бiр бiрiн сүйiп қосылған, Ғашыктарда арман жоқ!
Ғашықтар кунiмен!

+0
14 ақпан 2012, 18:11

Осы құттықтауды бүгін агенттен Назеркеден алған ем. Ұнап қалды.

+0
14 ақпан 2012, 18:15

Фейсбукте, агентте таратуға атсалысып жүрген жайым ғой )))
Маған да агентте біреуден келді бұл құттықтау.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев