Мен нөмірі бірінші журналист боламын!

Мен нөмірі бірінші журналист боламын!
жеке
блог

 Сәлеметсіздер ме, Массагет сүйер қауым. Асыл достарым!!! Әңгімемді бастамас бұрын кешірім өтінемін.... Ұзақ уақыт жазба жазбай кеткенім үшін! (өз себептері болды...)!

 Жадыраған жаз айлары да зымырап өтіп барады. Жаз мезгілінде әдетте жұрттар жақсы жерлерге барып демалып,қыдырғанды ұнатады. Сонымен, не керек мен де бір кісідей жазды жақсы өткізуге тырыстым. Осы жаз менің есімде ерекше сақталатын болады. Себебі, шілде айының 2-3-жұлдызында "Жас тілшілер" форумына барып қайттым. Арман қала*-Алматыда... Ұйымдастырушылар: "Ақжелкен" журналы және "Ұлан" газеті. "Жас Өркен" ЖШС.

Екікүндік форумның алғашқы күні екі бірдей тұлғамен жүздесіп, мәре-сәре болыстық. Түске дейін тележүргізуші Бейсен Құранбек ағаларымен журналистика жөнінде әңгіме-дүкен құрдық. Ал түстен кейін кино әлемі туралы әдемі әңгіме өрбіді. Өйткені, бізбен жүздесуге еліміздің бас киногері Ермек Аманшаев ағаламыздың өзі келді. Ермек ағамен өзара пікіралмастық. Өзімді толғандырып жүрген мынадай сауалдарыма жауап алдым:

п 

Әлия Іңкәрбек: Аға, сіздің режиссерлық қырыңыз да бар деп естіп едік…

Е.Аманшаев: Кезінде «Балкон» деген пьеса жазғам. Ол алдымен Алматыдағы М.Лермонтов атындағы орыс драма театрында сахналанды. Сондай-ақ, Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрында қойылды. Сол пьесаның негізінде Нариман Төребаев есімді жас режиссер екеуміз сценарий жазғанбыз. Соны Ресейге бәйгеге жібердік. Жеті фильмді таңдап алып, түсіруге өздері қаржы бөлетін болды. Солардың тапсырысы бойынша түсірілді. Ол − менің алғашқы режиссерлік туындым. Жанрын қалалық роман деп есептеймін.

Әлия Іңкәрбек: Аға, менің қазақ киносына арналған жеке ұлттық телеарна ашсақ деген ұсынысым бар. Қалай қарайсыз?

Е.Аманшаев: Ой, айналып кетейін, ұсынысың керемет! Бірақ, оған қаншама қыруар қаражат керек екенін білмейсің ғой. Болашақта ондай тілегіміз орындала жатар. Ал әзірге телеарналармен бірлескен жобаларымыз жүзеге асып жатса, соған да қуаныштымыз,-деп Ермек ағам қуантып қойды... ))))

 

 

 

р

 

 

Ааа,айтпақшы..Бұдан былай Бейсен Құранбек «Айтуға оңай» ток-шоуын жүргізбейді. Мұны «Ақ желкен» мен «Ұланның» жас тілшілерімен кездесуге келгенінде өзі айтты. «Қайрақ» атты тренинг компаниясын құрып, адамдардың бақытты болуына көмектеспекші екен. Өзінің жаңа қызметінің алғашқы сынағын «Ақ желкеннің» редакциясында жүзеге асырып көрді. Мынадай қызық болды:

 

Журналистикада аты-жөнің шықпайтын болса, ертеңгі күні өзіңді, мамандығыңды жек көріп кетесің. Болашақта қайсыларың Қазақстандағы нөмірі бірінші журналист бола аласыңдар? Біреу, екеу, үшеу, төртеу… көп емес екен. Мысалы, Әлия, сен нөмірі бірінші тележурналист бола алмайсың.
Әлия Іңкәрбек: Бола аламын.
Бейсен Құранбек: Жоқ, бола алмайсың!
Әлия Іңкәрбек: Мен тырысамын. Сіздің осы сөзіңізден кейін нөмірі бірінші журналист боламын!
Бейсен Құранбек: Дұрыс! «Бола алмайсың!» деген сөзді сендерге әлі талай адам айтады. Бірақ, қандай жағдай болса да, нөмірі бірінші болуға тырысу керек. Өзің талпынбасаң, көштің соңында салпаңдап жүре бересің. Мына заман – бәсекенің заманы. Ішкі амбицияларың мықты болсын.
                         (Жалғасы бааааааааар.... әзірге осы. ұнаса жағымды пікірлер күтеін. "жалғасын қашан жазасың,Әлия?!" деген секілді)))))