Жоғалту ©Фазыл Жандос

Жоғалту ©Фазыл Жандос
жеке
блог

Алып – қосар дымым жоқ сауда сатар

Жеке кәсіп қайдан болсын елдей қатар

Бөгде түгіл өзім менен төзімімді

Үлесімде шамалы еді тиіп жатар

Күндіз тулап, түнде ұрлап шабытымды

Бұл әдетім дертке ұқсас, жанға батар

Жауын асты жауқазындай күйінгенім

Қамсыз жүріп есейіппін, жөнсіз атар

Келіскенмін шарт жасасып мәмілеге

Тағдырым, сынағың ба әлде іш тар?!

Алайда ниет дұрыс, бағыт түзу

Тәнімді соққыладың, неге кім – зар?!

Төңкерістен жанымның хәлі мүшкіл

Қинағанша жүректі, міне – ал, жар!

Шоқпарыңмен сүңгіген жара іші

Солқылдады кешеде, күмәнім бар

Көзайымы – жақыным, көмектеспес

Қыс ішінде жатып ем, омбылы қар

Әлі есімде қол ұшын созбағаның

Оятсаңшы, қайда екен намыс пен ар?

Жүрегіме үңіліп түкіргенше

Сұқпайсың ба тереңірек, қолда қанжар

Әділет пе жүгірткені мені иттей

Одан да ойланбай – ақ лезде сан жар!

Толғануым күні – түні бұл қалайша

Өлең жырым толы екен өмір – жанжал

Ақынның бойындағы қуат демі

*Ортасында жүр*, дейді өмір – ажал

Көргің келсе мені де сен түнектен

Бар болғаны итеріп, қажатып шал

Әйтпесе намысқа ти жиелеп

Қанатым жоқ, үрейім – ұстатпас жал

Жас тамды. Өткендер ұмытылды

Рухым жетпес айтуға, өмірім бал

Сайқал, сылаң қаққаным кешегімде

Жазам шығар, қайтейін түзелдім – ау.

Алаңдаумен өтемін көпірімнен

Жалақтаған қарсылас  әр кезде – жау

Тілден табам көбіне күнә істі

Аллам жалғыз жаратқан кешірер – ау