Арман ©Фазыл Жандос

Арман ©Фазыл Жандос
жеке
блог

Бет бұрып қарағанда алғашқы сәт

Болмадың жақынымда, өзгеге жат

Үнсіздік, кеуде қағар сәт туғанда

Түсіріп тура орныма, айтпаушең дат

 

Қажалды күндер өте, ақсап демім

Жолақы өміріме таппай емін

Кездейсоқ қалсаң көріп табан асты

Жаутаңдап ұғар едің бейне кемін

 

Ұйытқан үміт пенен кеше белес

Мұң тарқар жалған күлкі достар елес

Шабытымда тау асып сол бөктерге

Қол бұлғап қош айтысты,ол да келмес

 

Жөн тізіп ай сұлуға күнде ұлып

Жан біткен, емделместей ол да құрып

Жалғыздықтың татқан соң дәмін ащы

Арманымды шақырмас ем әуре қылып