Наушниктер үрдісі

Наушниктер үрдісі
жеке
блог

Қызық, біздің жас күнімізде (деп қояншы :) ) наушниктің жетіскен түрі болмаушы еді иа. Кеше жоғарыдағы суреттегі наушникті көріп кәдімгідей қызықтым. Білесіздер ғой менің наушник жинаумен айналысатынымды.

Біздің кезде, енді сотка жаңадан жетіп мультимедианың не екенін біліп жатқан кезде

осы наушникке риза болушы ек. Ол істесе қуанып, істемесе ақшаның соры болатын :). Өзім бір 1000ын ғана алған шығармын, ұйықтарда да күндізде құлағымнан түспейтін ғо.

Кейіннен мына түрлері келді, риза едік дамыған түрі деп.

Таң қалғаным қазір небір наушниктер шығып жатыр, жан- жақтары әдемі болып. Бірақ, осы самсунгтың наушниктері неге өзгермейді???Баяғыда сондай еді әлі сондай.

Оның қасында нокиа небір варианттарын ұсынып тастады:

Қазір, наушниктің небір түрі бар ғой иа, арнайы қыздарға, жігіттерге, музыканттарға, ойыншыларға т.с.с кете береді. Өзіме ұнаған топтамалармен бөлісе кетейін


Жақында коллекциямнан көріп қаларсыздар :). Қазір бірақ көп жинап жүргем жоқ. Бастысы дауыс тазалығы мен ұзыққа шыдамдылығы боп қалды.