Сенікімін...

Сенікімін...
жеке
блог

"Шынарым" деп айтсаң егер есімімді,

Шын сезіммен қақсаң екен есігімді.

Шынға біткен Шынарың мейірленсе,

Бар әлемнің күнәсі кешірімді.

 

Әлемдегі сұлулықты көрмеймін тең,

Шаттыққа Шынарыңды бөлеп жүрсең.

Менен асқан сұлу қыз, бақытты жан,

Болмайды, есіміме сыр білдірсең.

 

Бақытыңда менікі, қайғы - мұңың,

Сені сүйген жүрегім, жаным менің.

Өкінбеймін, сүюді үйреттің ғой,

Сүюді білмейтіндер қаңғып жүрсін.

 

Ғұмыр бойы іздеймін, ағарсын шаш,

Ең бастысы қартаймасын, сезімім жас.

Кіп- кішкентай жұдырықтай жүрекпенен,

СЕНІКІМІН, жалғанның шындығы рас!!!