Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 - 1898)

Майлықожа Сұлтанқожаұлы               (1835 - 1898)
жеке
блог

...Алымға мойын ұсынбасаң

Мұсылман емес бір түгің!

Мүсәпірлік тартпасаң

Білмессің қадірін жұртыңның,

 

Алланың аты ашады

Көңілдегі қараңды,

Парыздың бірі пәк тұтпақ

Тазалықпенен тәнәңді,

Тазалығың тасытар

Көңіліңдегі санаңды.

 

Құлақ салсаң, жақсылар,

Азырақ сөзді жазамын,

Ілімге толса көкірек

Ашылар көзі сананың,

                * * *

Қалыптан артық ұйықтасаң

Қапылетте басың қалғаның,

Тілеуін тәңірім тез берер

Сахарда тұрған пәндәнің.