Даналық бастаулары. 4-ші жазба

Даналық бастаулары. 4-ші жазба
жеке
блог

Ерте, ерте, ертеде...

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі құйрығы келтеде.

Қырғауыл деген қызыл екен -

Құйрық жүні ұзын екен...

Бір шал мен оның қара кемпірінің үш баласы болыпты. Ағайындылар жұмыртқа теріп ну қамысты Шалқар көліне барыпты. Жұмыртқа қызығына түсіп, оны тере беріпті, тере беріпті. Ақыры олар, бір-бірінен адасып кетіпті.

Үлкені басқаларын күте-күте қарны ашқан соң, алып шыққан жез шәйнекке су құйып, жұмыртқаны толтыра салып, астына от жағып, бойы жылыған соң қисайса, ұйықтап кетіпті. Әлден уақытта ортаншысы келіп, шәйнектегі піскен жұмыртқаның үштен бірін жейді де, ұйықтап қалады. Мұны білмеген кенже інісі де қалған жұмыртқаның үштен бірін жеп, қисая кетті. Бір кезде үлкені оянып, інілерінің ұйықтап жатқанын көреді. Оларды оятқысы келмей, өз сыбағасы – жұмыртқаның үштен бірін жейді.

Сонда, қалған сегіз жұмыртқа кімнің сыбағасы? )