Жалғыз рейнджер

Бет пердеңді ешқашан шешпе.. 

Ех Джонни, Джонни... Сенің қатысуыңмен кез-келген киноның сүйікті көрерменінің бірі екенімді мойындаймын... Сен кім болмадың? Пират, вампир, енді міне есі ауысқан үндіс...

Кино, "заңда ең адал адамдар ғана қызмет ете алады" деген түсінікпен өмір сүрген Джон Рейдтің заңда да қарама қайшылықтың көптігін түсініп, заңды орнатудың басқа әдіске көшуіне себепкер болуынан бастау алады. Заң білімінің теориялық нұсқасын жаттап, еліне оралған Джон өз еліне қайтады. Джонның еліне пойыз жолының түсіп, өркениеттің енді келіп жатқан тұсы еді... Ол келе жатқан пойыздың ішінде осы жолдың салуына тікелей себепкер болған екі адам бірге келе жатады. Оның бірі атақты қылмыскер және есі ауысқан үндіс. Жалғыз Рейнджер Джон өзінің болашақ ақылшысы, болашақ қасымен осы тұста танысады.

Жалғыз рейнджер, кино тарихпен, батырлықпен, ақшамен, сұлу қыздармен, дана адамдармен байланыстыруға болады. Өмірдегідей махаббатта, өшпенділікте, пенделікте, сатқындықта орын алған.

Үндістердің ұлылығы, даналығы, аңқаулығы да көрінеді. Джонни бұл қасиеттерді ашып көрсете білген. Фантазияға да ерік берсе де, Джоннидің тарапынан болған қылықтары киноның комедияға жақын қылып жіберген. Олай етпесе Джонни, Джонни бола ма?


Кинодағы ертедегі батыс әлемі мен табиғаты адамды өзіне бірден тартып алады, тарихи сәттерді өз көзіңмен көргендей боласың. Жалпы деймін да, әлемді қозғауға түсірген нәрсе "адамардың баюға деген ниеті" ма деп қалам?. себебі, қарап отырсаң жер әлемді шарлаған темір жолдың бәрі тек табиғи байлықтарды тасу үшін жасалған. жаңа жолдар, жаңа қалаларда сол мақсатта құралған. 

 

"Жалғыз рейнджердің" қазақ тіліндегі дубляжына (аудармасына) қатесіз аударылған, жақсы дыбысталған. Тек, бір-екі ғана кемшілік.

1. Кім дыбыстағанын білмеймін. Джонни Деппті дыбыстаған адам Джоннидің рөліндегі эмоцияны бере алмаған. Киноның ішінде қандай эмоция болып жатса да, сөздердің оның соншалықты эмоциясын сезе алмадым. Өтініш, эмоцияларыңызды ұстап қалмаңыздаршы, себебі ол Джонни Депп қой! 

2. Аударма қатесіз дедім, бірақ тым мәдениетті. Мен білетін Джоннидің киносында әйтеуір бір әдепсіз сөз болады, сол сөздер міндетті түрде киноның өңін ашады. Ал қазақша нұсқасында бәрін қазақша мәдениетті сөздермен аударылып ауыстырылған кезде соншалықты керемет әсер бере алмаған.

 

Ал киноға келер болсам, көруге тиіспін деген кинолар тізіміне енгізіп қойыңыз. Пираттар сияқты қайта-қайта көретін фильміңізге айналатынына сенімдімін. Орысша тәрбиеленген сіңілімді қазақша нұсқасына апарып алып қорқып отырдым, оған ұнады бәрі түсінікті деді. Ал маған ерекше ұнады. қазақша киноға барайық, бізде әлем киноларын өз тілімізде естіп көруге құқымыз бар екенін дәлелдейік!!!



Бөлісу: