Әйел деген әдемі ғой әдемі.....

Әйел деген әдемі ғой әдемі.....
жеке
блог

Әйел деген - үнемі әдемілікке құштар халық қой!

Біреулерге Ана, біреулерге апке, біреулерге қарындас, біреулерге сүйікті болып журген! Баз біреулер бағасына жетпей жүрген жандармыз! Кейбір жүректерге лүпіл сыйлайтын да - әйел!

 

1. Әйелді әдемі ететін де, әлекке салатын да - ер адамдар.

2. Әйелдер еркектердің жылай алмайтындығы үшін жылайды...

 

 

3. Әйелдер көңіл күйдің адамы. Егер бір әйел «оптовканың» бұрыш жағынан 145 теңгеден үш келі «баракат» күрішін алды дейік. Соны базардан шыға беріс жерде басқа біреу 138 теңгеден сатып тұрса, соған бола құлазып сала береді ғой… «Қап, асығыс алып қойыптым ғой» дейді. Сондағы алғаны үш келі күріш. Жеті теңгеден жиырма бір теңге ұтылғанда тұрған не бар. Қайда кетпей жатқан бес-он тиын.

 

4. Әйелдер өте жылдам қимылдайтын халық. Олар бәріне үлгереді. Бірақ, әлікүнге бір нәрсеге үлгере алмай келе жатыр. Мысал үшін айтар болсақ, олар тойға барғалы жатыр дейік. Ол күйеуінің костюм-шалбарын үтіктеп үлгереді. Жейдесінің жағасы мен жеңі сәл кірлеу болса, оны жуып, кептіріп үлгереді. Өзі екі сағат кезекте тұрып, бір сағат шашын жасатып үлгереді. Тойға қосатын он мың теңге жоқ болып қалса, оны біреуден қарызға сұрап, қарыз беретін адам қанша алыс жерде тұрса да барып, алып келіп үлгереді. Сонда неге үлгермейді дейсіздер ғой. Тойға бара жатып кез-келген дүкенге жолай кіріп, ақша салатын конверт ала салуға үлгермейді ғой. Сосын жүреді, «ақ қағаз» жоқ па деп.

 

5. Әйелдер талғампаз халық. Олар бір нәрсені сатып алу үшін мың толғанады. Бір шұжық алу үшін онын ұстап көреді. Ұстайды, иіскейді, сыртындағы жазуын оқиды. Оныншысын ұстап көргеннен кейін барып, бірінші шұжықты себетке салады. Ал, киім іздесе тіпті қиын. Бағасы ұнаса өзі ұнамай, өзі ұнаса бағасы ұнамай әлек болады. «Ялянның» тұсынан кіргеннен жүре-жүре, «Аягөзден» бірақ шығады. Содан кері айналады да, «Европейканың» тұсынан аларын алып, сыртқа беттейді. Ал, еркектер кірген жердегі үшінші контейнерден ала салады. Әйелдердің осынша әлекке түсетін себебі: олар қалампырдың бағасына голланд раушанын іздеп жүреді екен ғой.

 

6. Әйелдер мобильді халық. Бір әйел құрбысына хабарласып, «Мегада» «жынды скидка» болып жатыр екен деп айтып, өзі сонда барса, басқа бір құрбысын  жолықтырып қалады…  Ол жолда келе жатқанда бірінші құрбысы екінші құрбысына хабарласып, арасында жаңалықты айтып үлгерген. Ал, анау ести сала құстай ұшқан.

 

7. Олар тым-тым ізденімпаздар. Көшеде кетіп бара жатқанда жан-жақтарына жалтақтап жүреді. Көлік қаншалықты қатты кетіп бара жатса да «скидка», «акция» деген жазуларды олардың көзі қалт жібермейді.

Ғаламторда жазылған әйелдеріміз жайлы мына мәліметтер шыныменде Әйел затының сезімталдығын айқындайды.