Ғажайып өмір!!!

Ғажайып өмір!!!
жеке
блог

 

Ғажайып өмір! Сұлулық пен үйлесімділікті талап ететін тәтті өмір! Адам мен адамгершілікті қалайтын тамаша өмір! «Өмір» шынымен де тәтті, ғажап, тамаша! Алайда осы сұлулықты, ғажап өмірдің қадірін түсінбейтіндер көп қой. Қайталанбас осы өмірді бір сәттік қызығушылықтар мен рахат үшін, естен айырылатын дүниелік ләззат үшін ар, намыс, ұят, адамгершілік, тазалық, имандылық деген ұлы сезімдерге айырбастап кете баратындары өкінішті, өте өкінішті. Осындай жандарды көргенде қандай өкініш деп ойлайсын, өмірді нағыз түсінер кезде олар оны қадірсіз бір дүние, ешқашан бітпейтін, қайталанып келе беретін күндер ретінде  түсінетініне қайран қаламын. Осы бір алдамшы сағым дүниені неге сонша жақсы көреді екен, үлкен әріппен басталатын, Алланың ең саналы жаратылысы  осы алдамшыға неге алданады екен? Неге нәпсіні тиып, осы қысқа ғана ғұмырын адал өткізбеске. Кейін оның артынан «Ой, оны қойшы, ол сондай да, мындай», дегізгенше, «Қандай жақсы жан, неткен таза, қандай адамгершілік, неткен түсіністігі мол еді», дегізбеске?. Ия, адам өзінің саналы да шамалы ғұмырында өмірді, өмір сүру тәртібін әр қилы түсінеді екен-ау

Шіркін, адам баласының бәрі өтірік, бірін-бірі алдау дегендердің не екенін білмесе ғой. Мына әлем қандай керемет болар еді. Әрқашан бір-біріне сенім артқан жандар, еш боямасыз бейнелер, шынайы сезімдер мен ақ қағаздай таза да пәк өмір. Бейкүнә періштедей адамдар. Ия, бұлардың бәрі бос қиял мен арман екенін білемін. Сонда да осындай шынайылықты армандаймын. Бүкіл адамзат ондай болмаса да менің жанымдағы, айналамда сондай жандардың жүргенің қалаймын. Қасымдағылардың жүздерінен қаталдық, арамдық, өтірік, сайқалдық, қулық сияқты дүниелерді көргім келмейді. Мен өз тарапымнан айналама атыма сай Арай шашқым келеді, ешкімнің көңіліне дақ түсірмей, бәріне қорған бола алмасам да, әрқашан қолдау таба алатын жан болғым келеді. Мен адамдардың бәрін СҮЙЕМІН, бәріне ҒАШЫҚПЫН, бәрін ЖАҚСЫ КӨРЕМІН!!! Бұл - менің шындығым...