Instagram-нарциссизм дәуірі

Instagram бағдарламасын пайдаланғалы бері, көптеген қыздар мен жігіттердің өз-өздерінің суреттерін үздіксіз жариялаудағы мақсаттары маған қызық болып келді. Интернеттен осы жайлы ақпарат іздеп, бұның нышаны не екенін білуге тырыстым. Осылайша, адамдарды өз-өзін суретке түсіріп, былайша айтқанда өз-өзіне тамсану процессі нарциссизм іліміне тұспа-тұс екен, яғни өз-өзіңді аса жақсы көру деген сөз. Ізденістердің нәтижесінде осы Instagram қосымшасы мен оның жастарға әсері жайлы жақсы бір мақалаға көзім түсті, соның аудармасын ұсынамын.

Adore Noire басылымында жарияланған мақалада дизайнер әрі журналист Кэтлин Хэй фотография жанрының қалыпты өмірге ену трендіне байланысты жақсы бір ой тастаған екен.  

Өте ертеде түсірілген фото-портреттердің бірі – бұл филадельфиялық металлург және химик Роберт Корнелиустың өз-өзін түсірген суреті.


Бұл сурет күміс пластинаға 1839 жылы түскен. Ал содан біраз уақыттан кейін Луи Жак Манде Дагерр кейінде дагеротипия деген атау алған суретке түсіру тәсілін қолданысқа енгізген болатын. Корнелиус түсірген сурет ең алғашқы дагерротиптік автопортрет болып саналады және жалпы адамның алғашқы фото-суреті деп есептеледі екен.

Роберт Корнелиустың бұл еңбегі өз-өзіңді көркемдеп көрсетудің негізін қалаушысы болды десек болады. Алайда автопортрет жанрының тамыры ертеден бастау алған. Бұны Дагеррдің өнертабысына дейін бірнеше ғасыр бұрын тасқа қашалып жазылған суреттерден байқауға болады.

Жалпы тарихшылар автопортрет жанрының дамуы он бесінші ғасырда қатты дамығанын айтады. Дәл сол кездері суретшілер өз-өзін тану үшін, әлде қызық үшін автопортреттерін сала бастаған. Осылай өнерде нарциссизмнің рөлі уақыт талғамына қарай өзгеріп отырған.

Бірте-бірте ғасырлар бойы адамның өз-өзін тану қызығушылығы «креативті джаггернаут» (creative juggernaut) күйіне енген. Үшінші мыңжылдықта танымал адамдар мен әлеуметтік медиа нарциссизмнің жаңа дәуірін қалыптастырды. Көркем шығармашылық барынша функционалды, қолжетімді және фотографиялық қалыпты ландшафт-платформа – Instagram-ға көшті. Шаршы формат, он алты фильтр, артық ештеңесіз.

Дагерротипиядан Instagram-ға өту аралығында фотография жанры технологиялық дамудан керісінше жаппай камерофондыққа көшуде. Ал бұдан жастардың өз-өзіне тамсану эпидемиясының дамуын әкелді. Фотоөнер жанры өз-өзіңді жақсы көруге орын ығыстырды.


Instagram өз-өзіңді әлемге көрсетуге тамаша платформа ұсынып отыр. Ал оның 80 млн. тұтынушысы нарциссизм эпидемиясына шалдығуда.

Instagram-ның статистикалық мәліметтерін қарауға болатын Statigram желісі бойынша 2012 жылдың 28 желтоқсанында кешкі сағат 11 шамасында «selfie’» ілмегі бойынша (өз-өзіңді түсіргеніңді білдіретін тег) 5 509 922 сурет жарияланған екен, ал «me» (мен) ілмегі бойынша тіптен көп - 72 657 637. Бір сағаттан кейін «selfie’» ілмегі бойынша суреттерін саны 5 512 860-қа жеткен. Ал келесі күні «me» ілмегі бойынша 73 085 204 сурет жарияланған. Ауқымды масштаб.

Бұл Instagram қолданушылары адамның нарцисстік қасиеттерінің: эгоцентризм, өз-өзіңе тамсану, өз-өзіңді жақсы көру, атаққұмарлық элементтерінің шыға бастағанын дәлелдейді дейді мамандар. Осылай жалғаса берсе «сүйікті өзім» дәуірінің бастау алары сөзсіз.

Instagram-ның сұрақтар мен ұсыныстар парақшасында «Әлемді фотография арқылы біріктіруге болады деп есептейміз» делінген. Алайда, сурет жанрының, идеяның тым құлдырауы әлемнің бірігуіне еш әсер етпесі анық.

«Generation Me» кітабының авторы психолог, доктор Джин М. Твенж нарциссизм негізіне адамның өз-өзін қалыпты болмысынан да керемет санауы жатады деп түсіндіреді. Шынайы өмірге сәйкес емес, адамның кез келген өзі жайлы фантазиясы нарциссизм элементтері болып саналады.

Твенждің Washington Times басылымына берген сұхбатында технологияның өскелең ұрпаққа әсері жайлы былай деген: Жалпы технологиялар пайдалы болды. Алайда егер адамдар терең тұлғалық деңгейде бір-бірін танымаса, араласпаса кері әсерін беруі де мүмкін.

Қазіргі заманғы мәдениет ұғымында адамдар өз-өзінің түр әлпеті мен басқалардың олар жайлы не ойлайтынына көп мән бере бастады. Ал сандық технологиялардың дамуымен бұл тіптен үлкен мәселеге айналуда. Адамдар бір-бірімен шынайы өмірде араласуды сиретті. Біз бір-бірімізбен бірігуден бұрын, алшақтап бара жатқандаймыз.

Фотография әлемінде креатив жеке көзқарас екені рас, алайда бұл қойылған лайктар мен он алты фильтрдің біреуімен өңделген суретпен өлшенбейді. Алайда, көп адамдар өз туындыларын фотоөнер мен шығармашылыққа балап жүр. Бұл да нарциссизмнің басты элементі екенін аңғару қиын емес.

Түпнұсқа



Бөлісу: