Сүйінші)

Бірнеше ай бұрын мен ҰБТ-ға дайындалатынымды айтып, сіздер сәттілік тілеп, жүрегім қорқынышқа толы болып, талай ұйқысыз түндер өткізіп, әлеуметтік желілермен қоштасып, кітаптармен дос болып едім. Міне бұнын бәрі артта қалды) Енді сіздермен қуанышы хабарымен бөлісу үшін пост жазып отырмын. Негізі ҰБТ-ның әңгімесі әлдеқашан аяқталған, мен мектеп бітіру кешіне дайындаламын деп, кешігіп баяндап жатырмын. Қанша кірмеймін деп тырыссам да тығылып кіріп тұрдым Массагетке, ВК-ға) Түнімен есеп шығарып, түсімде де ҰБТ тапсырып жатқанды көрген кез де болды. Әлгінде өтіп болмайтын оқу жылы биыл тез өтті. ҰБТ тапсыратын уақыт та жетті. Жүректер лүпілдеп, көздеріміз мөліреп, қолдарымыз дірілдеп аудиторияға да кірдік. Тойдың болуынан боладысы қызық демекші, дайындығымыз қатты болды. Мама-папам менімен бірге дайындалды. Металический арка әкеледі деген соң папаммен аэропортқа барып, мамам киіміме қалта тігіп әуре болдық) Соңғы қоңраудан кейін уақыт тоқтап қалғандай болды. Әйтеуір үйіп-бүйтіп маусымның үшіне жеттік. Жұрттар автобуспен келіп жатса біздер тест тапсыратын университетке директорымыз айтпақшы "пешкодром" бардық) Кірдік... Аркадан да өттік, металоискательмен де тексерді. Бірінші лекпен тапсырғандықтан қаталдау болды. Бірақ соткамен іре алдым)))) Астанадан комиссия болды, анау-мынау... әйтеуір тапсырдық. 

Кешке нәтижесін білуге бардық. Тағы уақыт тоқтап қалғандай болды. Енді нәтиже шықты дегенде, директорымыздың түрі бұзылып, нет-нет дегеннен басқа ештеңе айтпады. Үмітімді үздім... Қорғамадым... ағай оқи бастады... Барлығының нәтижесі төмен екен. Жанымда тұрған мамам да қорғамадқ деді... Үйден шығып ара жатып, қазір қорғамай қалып жатсаң бақырып жылама, өміріңнің соңы емес, интернеттен шық дегенде шыққан жоқсың, өзіңнен көр деген)) Ішімнен ең құрығанда Жубановтың грантына жететін балл алайыншы еп тұрдым. КУЖАКУЛОВА...114...ҚОРҒАДЫ дегенді естігенде жүрегім жарылп кекендей болды. Бақырып жылап мамама жабыстым. Мамам да жылап жатыр... Оыдан кейінгісі нша есімді емес. Әйтеуір айқайлап жылай бердім. Жеңгем баста жынданып кетті деп ойлаған. Жолға қарай жүгіріп, мини спектакль қойғанмын)) Сене алмадым... Қағазға қайта-қайта қарап қоям) Бірақ сыныптастарым онша жақсы алмапты. Қасындағылар жылап жатқанда қуана да алмайды екенсің... 16 адамның бесеуі өтпей қалы... Үш алтынның екеуі қорғай амады... Нәтижемізді  Инстаграмнан көргендер бар шығар)

Сонымен қашаннан дайындалған соңғы сынағымыз да өтті. Басында қорқыныш туғызған ҰБТ сөзі естігенде әңгіменің майын тамызып, күліп отырып баяндайтын өмірің ескі парағына айналды. Түнімен армандаған Алтын Белгіні, бұйырса, ертең аламыз) ҰБТ тапсырып болған кездегі, қазіргі кездегі қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Шүкір... Арманым орындалып, үміттер ақталды... Мұндай қуанышты нәсіп еткен Аллаһқа мың шүкір... Басында қорғағаныма мәз болп едім, кейін басыма туу неге 125 алмадым деген ойлар келді) Енді ертең марапаттау рәсімі. Тырнағма нарасщивание жасатып алып, тықыдап жаза алмай отрмын. Қателеріме түміністікен қарарсыздар) Жақсы тілектер тілеп, игі ниет білдіргендерге  алғысым шексіз) Армандарыңыз орындала берсін) 



Бөлісу: