Дәл осылай қарашы....

                             Дәл осылай  қарашы....

Дәл осылай  қарашы,

Ұнағым  келеді, құшағыңа  құлағым  келеді,

Көзіңді алмай  менен,

Дәл осылай  қарашы.

 

Дәл  осылай  қарашы   мейірлене,

 Тоқтап  қалсын  өмір  мейлі, күллі пенде.

Көзіңді,  алма  жүрегім  тоқтағанша,

Бір сәтке, жанарыңнан жас тамғанша.

 

Жанарыңнан  сырыңды ұқтым  тұтанған,

Қарай  берші  көздеріңмен  нұр  тамған.

Таса  қылма  бір  сәтке, маған  қара,

Құштар  жанмын  жанарыңа жанданған.

 

Дәл осылай  қарашы, мәңгі   маған,

Жалғыз  жансың  жүрегіме  бұйырмаған.

Бір  сәтке  көз  қырыңды  салшы  енді,

Көз  алдымда  сенің  бейнең  бойлаған.

 



Бөлісу: