....Бір - ақ қадам

 

                      ... Бір – ақ   қадам

Бір-ақ қадам,  құшағыңа  құлай  кетем,

Сене бер, сені  мәңгі  сүйіп  өтем.

Бір – ақ адым, сәл  ғана  күте  тұр,

Құшақ  жайып,   бағыма  алып  кетем.

 

Бір – ақ  қадам, күлкіңді  ұрлап  кетем,

Сағымдай сардалаңнан  ұшып  өтем.

Бір – ақ адым,  жаныңның  жылуын,

Жаураған  жүрегіме  беріп  кетем.

 

Бір – ақ қадам, мен саған ұшып  жетем,

Қанатыма қысып  алып, алыс кетем.

Оралмаспын қайтадан  сенсіз  жерге,

Сүйем  сені, өзіммен  ала  кетем.

 

Бір – ақ қадам,  жаныңа  сенің  жақындауға,

Сені  сүйіп  маңдайыңнан жалындауға.

Бір – ақ  қадам,  сәл қалды, бір – ақ адым,

Махаббаттың  жұмағын  аралауға.

 



Бөлісу: