Жай ғана көріскенше!

Жай ғана көріскенше!
жеке
блог

Ал, құрметтілерім! 

"Қош бол, Массагет!", "Мен Массагеттен кетіп барамын", "Қимаймын сені, Массагет" деген жазбаларды жалғастыра отырайын. Мен де Массагеттен жырақтап барамын (уақытша)! Жоға, басқалар секілді шынымен қоштасып алып, қайта жыл-жылт етіп отыратын жақсылардың сынығы емеспін :)

Опшым, мен жұмыстағы алғашқы отпускіме сүрініп-қағынып жүріп әрең жеттім. Ух! Жиырма күнге Жаскешуіме барып келмекпін. 

Мен бұл күнді қанша күтттім :)

Сабақ пен жұмыстың арасында 45-пен (автобус) ұшыыып жүрген кездерімде де...

Кейде "Жұмыс істесең, өзіңе! Бұл жаққа жұмыс істеу үшін келдің бе, оқу үшін келдің бе. Студентсің ба, оқы!" деген оқытушылардың оққа татитын сөздерін естімей сабаққа кешікпеу үшін таңнан жұмыста отыратын кездерімде де...

Жексенбі мен сенбі күндерінің бір-екі сағаттай өтіп кететінін сезген кездерімде де...

"Әй, жұмыс, жұмыс деп өлесің ба? Әбден азып-тозып кеттің ғой, айналайын! Келіп айран-сүт ішіп, демалып кетсеңші" деген ауыл жақтан жеткен "ауыр-ауыр" сөздер жүрегімді ауыртқан кездерде де...

Өзіңді ойлағам, отпуск! :)

Біліп отырмын, бұл демалысқа жете алмай отырғандардың "көңілін босатып" отырғанымды. Біреулер күнтізбеге бір қарап қойып, "менің демалысыма пәлен күн қалды" деп те отырған шығар.

Бұл жиырма күннің тез-ақ өтіп кетерін де жақсы білемін. Түс көргендей болып келетін шығармын тіпті.

Студенттік жылдардың үш күзі мен қысын, көктемін бірге өткізген екі құрбым да тұрмысқа шықты. Бұйыртса, Шым жақта солардың біреуінің ұзатылуына жолым түскелі жатыр. Алғашқы отпуск уақытымда алғаш рет құрбымның тойында қыз-жолдас болғалы жатырмын. Осындай той-думанмен өтетін бұл демалыстың қадірі жоғары боп тұр қазір.

Соол, айналайындар! Мен жоқта тыныш жүріңдер, ештеңе бүлдірмей. Массагетті жалғыз қалдырмаңдар! 

Ал мен Алматыны, Массагетті және массагетті жақсы көретіндерді ғана (!) сағынатын боламын! :)