Секталардың зиянды әрекеттері

Секталар өзіндік ерекшеліктерге ие. Онда болған адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып, адам отбасында ата-анасы, туыстарымен өзгеше  қатынас жасап, өз сенімін насихаттап дәлелдеумен болады, жеке мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншікке қосады, жеке өмірден бас тартады. (топтық қауымдық отбасылық өмір) Бұл - дәстүрлі отбасылық өмірді өзгерту. Мемлекет заңдарын сыйламау, қоғамдық әдеп қағидаларын жоққа шығару, өз неокульттік сенімдерін абсолютті ақиқат ретінде дәріптеп, қоғамнан оқшаулану - неокульттерде кездесетін ортақ ерекшеліктер. 

Неокульттерде қалыптасатын тұлғалық ерекшеліктердің әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларына кеңінен тоқталар болсақ.

Топтасуға тырысу үрдісі адамды ұйым қатарында қалып, оның белсенді мүшесі болуға итермелейтін ең басты жеке психологиялық негіз болып табылады.

Топтасу процесі біршама терең зерттелген және әлеуметтік психология жөніндегі барлық оқулықтар мен әдебиеттерде егжей-тегжейлі көрініс тапқан.

Мәселен, елуіншілер шіркеуі адамдарды 10-12 адамнан аспайтын шағын топтар арқылы өз қатарларына тартады. Неокульттердегі топтық бірігу мынадай бағыттарда жүргізіледі:

- бейресми тұлғааралық байланыстарды күшейту;

- ортақ мақсатқа бағыттау;

- бастапқыда ұсынылған ілімді оқу үшін, кейін аталған ұйымды күшейту үшін өзара іс-әрекет;

- «қудаланған» адам бейнесіне енгізу үшін сырттан өтірік немесе шын мәнісінде қауіп төндіру;

-көсемнің баурау әрекеті.

     Тұлғааралық байланыстарды күшейту үшін мұндай топтар әржыныстылық принципі бойынша құрылады, кей-кейде қасақана достық және отбасылық жұптардың қалыптасуына ыңғайлы ахуалдар жасалады.

«Бірлесу шіркеуін» дүниеге әкелген Сен Мен Мунның адамдарды ұйым аясында біріктіру жөніндегі белгілі принциптері осыған негізделген.

1. Аталған қозғалыс көсемі ұлы адам деп түсіндіріліп, оның «Құдайдың таңдаулысы» екендігі дәлелденеді.

2. Аталған діни нанымның немесе ілімнің түбірі кей жағдайда ең «көне», кей жағдайда ең «жаңа» екендігі дәлелденеді.

3. Аталған ілім ең керемет мистикалық жолмен келгендігі, ол Құдайдан, ғарыштан, сол сияқты тағы да басқа биік дүниелерден алынғаны дәлелденеді.

4. Осы ілім ғана Христостың, Будданың немесе сол сияқты діни және философиялық ілімдерді ең дұрыс түсіндіруші ретінде дәлелденеді.

5. Аталған ілімнің немесе діни сенімнің болашақта жалғыз әлемдік дінге айналатыны, ал қазіргі ізбасарлары оған ең алғашқы жол салушылар екендігі түсіндіріледі.

6. Аталған ілімнің немесе діни наным-сенімнің ізбасарлары ғана ақырзаманнан аман қалып, өзге адамдар мен олардың жандары құрып кетеді.

Қиял-ғажайыптарға және құпиялылыққа талпыну, ғажайыпқа үміт арту адамды қандай да бір неокульттік топтарға қосылуға итермелейтін негізгі мотивтердің бірі.

Бір-ақ сәтте айығуға үміт, мистикалық күшке ие болу, «ғаламшардың эволюциясын» басқаратын әулетке жақын болу, не болмаса ғажайыпқа куә болуға деген құмарлық көпшілікті осы жолға алып келеді.

Оларда үміті ақталады деп кесіп айтуға болмайды.

Қиял-ғажайыпқа сену — өте күшті психологиялық фактор.

Культтік топтарда табиғи заңдылықтардың өзі таңғажайып дүние ретінде көрсетіледі.

Көп жағдайда кез келген сауатты психологтың қолынан келетін дүниелер таңғажайып психологиялық феномен ретінде көрсетіледі.

Әдетте олар мынадай жұмыстардың нәтижесі:

1.Топтасқан өзара әрекет.

2. Арнайы психологиялық техникалар (әдетте медитациялық және транстық мінездемеге ие, соңғы кездері дем алу технологиясы танымалдыққа ие).

3. Иландыру әрекеті.

4. Тұлғаға тікелей манипулятивтік пиғылда әсер ету, ол экстрасенсорлық деп жиі аталады.

5. Кей жағдайда гипноз.

Іс жүзінде барлық неокульттерде психологиялық тренингтер қолданылады.

Жақсы мәнерлер, адамгершілік, ұқыптылық пен мейірбандық, адамды түсінуге деген тырысушылық сияқты ережелер тәжірибеде үнемі қолданылады.

Кей жағдайларда ізбасарларға Таурат немесе басқа да қасиетті сөздер арнайы мамандандырылған тәсілмен түсіндіріледі, енді бір жағдайда оларға нақты бір медитацияның техникалары меңгертіледі, тағы бір жағдайда адамдарға өзін-өзі ұмытып, транс жағдайына ену қабілетін үйретеді.

Мәселен, сайентологияда психодинамикалық терапияның жеңілдетілген түрлері пайдаланылады.

Ізбасарлардың қозғалыс жетекшісімен жүздесу сәтінің ерекше психотерапиялық тиімділігі бар. Себебі, көсем оларға үлгілі кейіпте суреттеледі.

Өздерінің ұстазын жүзбе-жүз көрген сәттегі тобырдың қуанышы — жаппай долдану мен лепіруге ұласатын құбылыс.Бұл психологиялық тәуелділік пен рухани құлдықтың аса қауіпті түрі. Осындай зор шаттыққа бөлену адамдардың санасындағы күнделікті өзге өзекті проблемалардың бәрін ығыстырып шығарады.

Заманауи неокульттердің идеологиясы өздерін ең биік адами құндылықтарға, ақиқат пен Құдайды іздеуге, адамды рухани жетілдіруге бағытталған деп түсіндіріледі. Осындай жолмен өмірдің мән-мағынасын түсіну адамды қанаттандырады, ол өмірдің барлық қиындықтарын атүсті қабылдайтын болады.

Рухани құндылықтарға ұмтылу, өмірдің мән-мағынасына бойлау — адамға ғана тән, оны өзге тіршілік иелерінен ерекшелейтін ең басты қасиет.

Алайда, осы қасиет оны құрылған торға түсіруі мүмкін. Яғни, адам ұзақ уақыт ізденуден кейін ғана көзі ашылып, өзін жалған сағымға алдап әкелгенін түсінуі ықтимал.

Неокульттік ұйымдарға тән бір ерекшелік, олар тұлғаларды өзгертіп, бір-біріне ұқсайтын ортақ кейіпке енгізеді. Культтердің ықпалына ұшыраған адам тобырдың өзге мүшелері сияқты болады.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде барлық неокульттердегі тұлғалық белгілерді анықтауға мүмкіндік берді. Неокульттердің барлық өкілдеріне, ізбасарларына тән ортақ белгілер:

1. Олардың барлығына ортақ кумир, асқақ психологиялық және адамгершілік қасиеттерге ие тұлғаның болуы;

2. Олар өздерінің ұйымы ғана ең «дұрыс» жолды нұсқаушы, оның құрамында тек қана мықты (құдайдың таңдаулылары) адамдар бар деп сенеді.

3. Қоршаған әлеуметтік ортаға деген жағымсыз көзқарастың салдарынан олардың бойында үрей пайда болады, сыртқы қоршаған ортаның ықпалына ұшыраудан қорқады. Көп жағдайда қорғану үшін бұқаралық ақпарат құралдарынан (кино, телевидение, газеттер) бас тартып, осы ұйым мүшелері қолданатын ақпарат көздеріне ғана жүгінеді. Ұйым мүшесі емес адамдармен қарым-қатынас жасаудан, достарымен, туыс-туғандарымен байланыс жасаудан қашқақтайды. Кей жағдайда, ұйым ішінде таратылатын азық-түлікті, киім кешекті тұтынады. Ұйым ішіндегі жұмысты ғана істеуге ұмтылады.

4. Сондай-ақ олар жер бетінде идеалды қоғам құрумен айналысып жатқандарына нық сенімді. Ұйым ізбасарларының көзқарасында идеалды қоғам дегеніміз — ортақ рухани идеология мен дінге мойынсұнған халықтар мен мемлекеттердің бейбіт өмір кешуі. Көп жағдайда өзге діндерді де мойындайды, бірақ оның өзі осы ұйым көсемінің қадағалауында болуы тиіс. Бұл орайда, неокульттердің іс-әрекеттерінің бағыты әлеуметтік-саяси белсенділікпен пара-пар.

5. Өздерін болашақ әлемдік дінге алғаш болып жол салушылар, уағызшылар және апостолдар деп есептейді. Іштей өзге адамдардан артық екендіктеріне нық сенімді. Олар өздерін «жақыныңды жақсы көр» деген принципке сай үлгілі моральдық мінез-құлық иесі ретінде көрсетеді.

6. Уағыз жүргізуге деген құмарлық олардың кәсіп таңдауына да ықпал етеді. Неокульттер ізбасарларының арасында басқару саласы, қоғамдық іс-шаралар, білім беру, тәрбие беру, медицина, психология саласында қызмет атқару сұранысқа ие.

7. Тоталитарлық бағыттағы ұйым құрамында оған көзсіз сенетін, барлық өмірі мен қаржысын осы мақсатқа бағыштайтын, барша тауқыметтерге шыдамдылықпен төзе білетін, көсемнің бұйрығына сөзсіз бағынатын, ол үшін кез келген құрбандыққа, тіпті өмірін қиюға да дайын ізбасар қалыптасады.

Қоғамдық жүйе — тірі ағза сияқты, оның тұрақты тіршілік етуіне және дамуына нақты бір жағдайлар жасалуы керек. Кез келген қоғамдастық оның мүшелері өздерінің жеке басының қажеттіліктері үшін ғана емес, ортақ идея жолында қызмет еткенде ғана қалыптасады.

Жаңа тоталитарлық культтердің көбеюі біздің елімізде төмендегідей әлеуметтік-психологиялық проблемалардың туындауына әкеліп соқтыруда:

1. Біздің бұрынғы біртұтас халқымыздың біраз бөлігі бөгде тоталитарлық әлеуметтік құрылымдардың сенімді өкіліне айналды және оған көзсіз сенетін жағдайға жетті.

2. Халықтың осы бөлігі өз халқының мәдени жетістіктерін, ұлттық ерекшеліктерін, діни сенімін жоққа шығарады. Олар өздері мойынсынған идеяны белсенді түрде таратуға мүдделі.

3. Халық өзара бәсекелес және қайшы көзқарастағы тоталитарлық жүйелерге бөлінуде. Қазіргі таңда олардың көзқарас қайшылығы тек дәстүрлі діндерге қатысты ғана байқалуда. Алайда, олардың бұдан әрі таралуы алдағы уақытта діни негіздегі қақтығыстарға әкеп соқтыруы әбден мүмкін.

4. Қазіргі таңда әлемнің басты ерекшелігі болып табылатын өзге аумақтарды, адами ресурстарды басып алуға талпыныс сияқты әрекеттер соғыстың ғана алғы шарты болудан қалған. Ол үшін аса көп экономикалық шығынды қажет етпейтін тәсіл — халықтың санасын жаулау.

Ықпал ету жағдайына әлеуметтік-психологиялық сараптама жасау кезінде заманауи психологияның ең басты үш принципін негізге алу қажет. Олар соңғы онжылдық ішінде маңызды зерттеу және сараптама материалдарында дәлелденген. Бұл ситуационизм принципі, субъективті талдау құрастыру принципі және тұлға мен топтың психикасы мен санасын кернеулі жүйе ретінде қарастыру. Қадағалау және тәжірибелік рәсімдер тәсілдері арқылы жағдаяттардың көпшілігінің түрі мен жағдайлық әлеуметтік ықпал ету тетіктері позициялық факторлардан әлдеқайда басым екендігі анықталды. (тұлғалық сипаттар, яғни, мінез-құлық, темперамент, дене бітімі, дүниетанымы тағы сол сияқты).

Аталған принцип жеке адамдардың көп жағдайда өздерінің мінез-құлықтарын әлеуметтік жағдайлардың сапасына қарай құратындығын түсінуге мүмкіндік береді. Жеке адамдар өздерінің дербес қасиеттері мен тұлғалық белсенділігін жүзеге асырудан гөрі, соған бейім. Дараланған белсенділік әлеуметтік факторларға бағынышты болып қалады. Бірақ адамдардың көпшілігіне тән мінез-құлықтың суреттемесі осындай. Бұдан шығатын қорытынды, жеке тұлғалар сияқты, бір топ адам да нақты бір әлеуметтік ситуацияны қалыптастыруға бастамашы болып, өзге адамдарды да осындай мінез-құлыққа көндіре алады.

Бұл жағдай алаяқтық пен басқа да әлеуметтік-психологиялық ықпалдардың тұлғалық және топтық осалдығын пайдалануындағы басты фактор болып табылады. Оны белгілі бір адамдар немесе ұйымдасқан топтар өздерінің іс-әрекеттерін жүзеге асыру мақсатына қолдануы мүмкін.

Әлеуметтік-психологиялық басқарудың проблемасы мынада, манипуляторлар өздерінің «қақпандарына» «кәдуілгі» бетперделермен жасыратын сияқты көрінеді. Алайда, үйреншікті тәсілдер қауіпті мазмұнға ие болуы ықтимал (алаяқтық, қылмыстық іс-әрекетке тарту, әлеуметтік бағдарсыздық пен тұлғалық бейнеден айыру, сындарсыз тәуелділікке ұшырату, эксплуатация, т.б.) сөйте тұра, олар қосымша бүркемеленеді:

- діни, философиялық,  заты басқа, сырттай «гуманитарлық» тақырыппен;

- «ғылыми» (сыни, талдамалық, «еркін» және тағы да сол сияқты) «ойлау» («зерттеу», «тану» тағы сол сияқты) жүйесімен басқаруға еліктеу;

- жалған пайымдаулармен, тәсілдермен, оқиғалармен, анекдоттармен ойнау;

- мойындалған беделді тұлғалармен, мәтіндермен (Құран, Таурат және де сол сияқты);

- дәстүр мен мәдениетті қолдау мақсатымен;

- елестермен басқару арқылы;

- көрнекілікпен (схема, слайдтар, бейнелер);

- топтық ойлауды эксплуатациялау;

- топтық динамика арқылы басқару және де сол сияқты.

Ақиқатты субьективтік қабылдау әрбір жеке адам үшін ап-айқын, дөрекілеу нәрсе тәрізді көрінеді. Жақыннан әрі байыппен назар аударған кезде көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Әлеуметтік психология осындай субъективтіліктің көптеген нақты ерекшеліктерін ашты, олардың барлығы да жеке адамның психикасына жасалатын манипулятивтік айла-шарғыларды барынша нық әрі толыққанды түсінуде өте маңызды.

Бірінші кезекте, адамдар өздерінің субъективтілігін де, жағдайға еруге бейімділігін де, жеткілікті деңгейде түсінбейді, өздерінің басындағы жағдайлардың бәрін «аңқау ақиқат» тұрғысынан қарайды.

Қабылдаудың осындай аңғал болуының нәтижесінде, барлық байламдар мен шешімдердің жауапкершілігі ықпал етуші нысанға жүктеледі. Оның үстіне, соңғысы осы елеске бірге сенуге дайын тұрады. Мұнда проблема, ықпал етуші нысан осындай жағдайда өзінің когнитивті белсенділігін көрсетеді.

Бернард Шоудың осыған қатысты дәл айтқан: «жылына үш, төрт мәртеден артық ойланатын адамдар аз; Мен аптасына бір немесе екі рет ой қорыту арқылы халықаралық деңгейде бедел жинай білдім» деген.

Расында да, манипуляцияның ең басты мақсаттарының бірі — адамның бойында өзіне-өзі әсер ету және өзін-өзін көндіру тетігін іске қосу, бірақ оның барлығы манипулятор айқындаған арнамен жүруге тиіс. Қарым-қатынастың жанама емеуріндер, әккілікпен жүргізілетін екі ойлылық пен біле тұра үнсіз қалу сияқты техникалық тәсілдері манипуляторға алдау-арбаудан пайда табуға мүмкіндік береді. Сөйте тұра, манипулятор техникалық жағынан өтірікке тікелей өзі араласпайды, жауапкершілік негізінен құрбандықтың өзіне жүктеледі.

Әлеуметтік психология жөніндегі ең әйгілі мамандар Э.Пратканис пен Э.Аронсон ықпал етушінің сендіру тактикаларының тиімділігін барынша маңызды заңдылықтарын: «Икемдеу тактикасы ең табысты болып табылады, себебі ол адамдардың ойын коммуникатордың көзқарасы бойынша бағыттайды және сол арна арқылы жүргізеді; Табысты тактика ықпал етуші тарапынан ұсынылған денеге қатысты кез келген кері ойларды жойып, жағымды ойларды өрістетеді».

Суреттелген ішкі және сыртқы тетіктердің бір-бірімен байланысы ықпал етуге қатысты жүргізілген сараптама зерттеулердің маңызды негізін құрайды. Бір айта кетерлігі, жеке адамның манипуляцияға қарсы тұру қабілеті де ішкі және сыртқы факторлардың өзара үйлесімі нәтижесінде анықталады. Тұлға манипулятивтік ықпалдардың белгілері мен тәсілдері туралы жетік біліп, оған қарсылық көрсететін дағдыларды меңгерсе, ең тиімді нұсқа осы. Сондай-ақ, тұлғаның түрлі алаяқтықтар мен манипуляциялардың құрбанына айналады. Осындай қарсылықты қолдайтын әлеуметтік ортада болуы да оңтайлы нәтиже береді.

Тұлға өзіне таңылған идеяларға қайшы келетін сенім мен қағидалардың иесі болсын делік. Сондай-ақ, осыған дұрыс қарайтын ортада өмір сүреді. Мұндай жағдайда, қандай да бір манипулятивтік процестің нәтижелері екінші бір манипулятивтік процеспен бетпе-бет келеді. Адамның қорғалуы өзіне төнген қауіпті негіздікпен әрі сыни көзқараспен түсініп, өзінше шешім қабылдауына емес, қандай да бір ықпалдың әсерінен мүлдем жабық болғандығына байланысты. Бірақ ол екінші бір ықпалдың қол астында қалады.

Өкінішке қарай, адамдардың көпшілігі бірінші нұсқаға тұтылмайды. Әлеуметтік психологияның үшінші принципі — кернеулі жүйелер туралы түсінік. Жеке адамның психологиясы, сондай-ақ ұжымдасқан құрылымдардың психологиялық ахуалы (ұсақ әлеуметтік топтардан бастап үлкен ұлттарға дейін) кернеулі күйдегі жүйе деп қарастырылады. Кез келген ынталандырушы ситуацияның талдауын К.Левон /Левон/ жазғандай, біріншіден, «мінез-құлық бір мезгілде орын алған фактілер қатарынан туындайтынын; ал екіншіден, «осы бір мезгілде болған фактілер күшті сипаттамаға ие екендігін, себебі оның бір бөлігі екіншісіне тәуелді екендігін» мойындаудан бастаған жөн.

«Кернеулі жүйе» деген түсінікті айқындайтын үш маңызды салдар бар. Біріншісі, имендіруші факторлардың талдауы ықпал ету тәсілінің тиімділігін түсіну және болжау үшін маңызды. Мәселен, «Бір-біріне көмектесу қорының» семинарында көршілес креслода бір-біріне қарсы пиғылдағы екі адамның отыруы жаңадан келген адамға қатысты жасалған ықпал етудің кез келген күшті түрлерінің өзін жоққа шығарады.

Екінші маңызды салдары алдыңғысының келесі беті болып табылады. Өзгерістер табалдырығында тұрған жүйелердің тепе-теңдігі тұрақты болмайды. Сол кезде имендіруші факторлардың жоқтығының салдарынан тіпті сәл ғана ықпалдардың өзі өзгеріске ұшырауы ықтимал. Егер алдыңғы мысалды келтірер болсақ, жаңадан келген адамның жанында оған қарсы пиғылдағы адамның болмауы, оның үстіне бұл адамның өзіне сенімсіздігі, әлеуметтік және тұлғалық тұрақсыз күйде болуы манипуляторлар үшін көп күш жұмсамай-ақ оны өздеріне тиімді қадамға жетелеуге мүмкіндік туғызады.

«Кернеулі жүйе» ұғымын айқындайтын үшінші салдар алдыңғы екеуінің қатарласып келуінен орын алады. Кернеулі жүйе принципі неліктен кей жағдайда ауқымды манипуляциялық ықпалдардың жөнді нәтиже бермейтінін, ал сырттай мардымсыз манипуляциялық ықпалдар айтарлықтай тиімді болатындығын түсінуге мүмкіндік береді. Ауқымды манипуляциялық ықпалдар өзіне қарсы одан да ауқымды имендіруші факторлармен бетпе-бет келеді, мұндай жағдайда ол қарсылықты имендіруші фактордың күшін одан әрі күшейтіп жіберуі ықтимал. Ал мардымсыз манипуляциялар тұрақсыздықтың маңызды арналарына тіл пайдаланып, әлсіз тұстарын табу арқылы жүйені өзгеріске түсіре алады.

Соңғы байламға сәйкес, біршама тұрақты тұлғаның өзіне әлсіз әсерлермен ықпал етуге болады. Мұқият ұйымдастырылған, бірақ «арзан» материалдардың нәтижесі  одан гөрі күрделі әрі қымбат әдістемелердің ықпалын алмастыра алады.

Әлеуметтік-ақпараттық ықпалдың тәсілдері және насихат моделі:

• Қайта көндіру (тақырыпты, орынды, уақыт пен жағдаттарды тану).

• Қайнар көзіне сендіру (сенім мен беделді эксплуатациялау).

• Жолдау арқылы манипуляциялау (міндет, жарқындық, тәмсілдік).

• Көңіл-күймен және нысан мотивтерімен манипуляциялау (қорқыныш, армандар, қалаулар).

• Мөлшері (ақпараттың, ықпалдардың, мәтіндердің, рәсімдерді тағы да басқаларының көлемі).

• Уақыты (ұзақтығы мен ұдайылығы).

• Сыйлық беру (нығайту).

• Жазалау (қорқытулар).



Бөлісу: