Жазбамның жалғасы...

Бұлттары картинка емес. Ал анау артында тұрған №3 орыс мектебі. Бұрышта тұрған Королев 24.

Оң жақ бұрышында тұрған менің үйім - Королев 30. Ал мынау қала ішінде жүретін автобустар аялдамасы.

Бұл жерде де талай мәрте футбол ойнағанбыз. Талай құлап-жығылғанбыз. Ағаштардың көлеңкесі анандай ғана. Шөп көрмей өскенбіз құмда.

Мынау Королев 32. Бұл жерде де қыздармен бәлебол дей ма, әйтеурі, доп ойнайтынбыз. Анау ыңғайсыз ағашқа өрмелеп шығатынбыз.

Королева 30. Мынау баланың қасындағы үй. Мына жол әлі күнге дейін осындай боп тұр, тегістелмей. Бірақ халықтың оған бөліп жататын уақыттары жоқ. Бала-шаға қамы, қарыздан құтылу, оқуға түсіру, т.б.

Иә... Қалада қазақша жазбалар мүлдем жоқ-ау. Көбінесе орысша.

Абай атамыздың ескерткіші бар екен, шүкір!

Ленин атамыздың ескерткіші. Орталық алаң. Қаладағы барлық мейрам-мерекелер осы алаңда өткізіледі.

Қаладағы автобустар осындай. №1 автобус қала ішінде жүреді. №2 және №4, олар гюзәлдар (гәзелдер ғой), қала ішін айналып жүреді, ал №3 автобус Ақай мен Төретамға жеткізіп салады. Жол ақысы 50 теңге. Ешқандай ыпырайыздни жоқ. Қала кішкентай, жаяу жүрсең де болады. Дала да шаң бәрібір. Шөп атымен жоқ. Жаяудың шаңы шығады, жүргеннің шөбі шықпайды.

Сырдың төменгі ағысы. Бұған да талай адам батқан, жүзе алмай. Менің жиенім де батып кете жаздаған. Бұған суға түспеген жөн. Қоқыс, шыны-бөтелкелердің сынығы, арматур, темір-терсек жағасында. Суға енді кіре берсең, аяғыңды тіледі. Бірақ бұл жерге кеп ойға батуға болады. Күншығысқа қарап, көз алдыңда қазақтың кең-байтақ даласы. Дымы жоқ болса да, бұл жерлер ыстық қой! Климаты мен ауа-райын айтам ыстық деп.

Осындайлар көп.

Күз.

Анау түйенің түрін-ай! Шуда жүргендей сезінеді өзін.

Гагарин атамыз

Анау тұрған "Байконур Связь Информ". Поштасы да, ызбандайтыны да осы жерде. ҚазПошта жоқ қала ішінде.

Өте сирек қалды қазір.

Қара шаян.

Шөбі дәмді болсын!

Тасбақа да бар.

 

          Жалпы, бұдан да басқа қызықтар баршылық. Менің де ішім пысып кетті суреттерді жүктей беруден. Осы суреттерді жүктеймін деп туған жерімді сағынып та кеттім. Кім не десе о десін, туған жер бәрібір де, болмаса "по-любому" әр адамға ыстық боп тұрады. Туған жердің, ең біріншіден, топырағы ыстық. Байқоңыр деп те қоңыр топыраққа бай болғандықтан атаған. Қазір ғой экология боп кеткен, гептилдың кесірінен. Арал да соның зиянына ұшыраған. Гептилды білесіздер ғой. Екіншіден, ағаштары, шаң-тозаңы ыстық. Күзде терезе сындыратын жел, шаң-тозаң болады. Қыс мезгілінде қар енді ғана қалыңдау болатын болған. Әйтпесе, ес білгелі қалың қар көрмегем Байқоңырда. Көктемі де тамаша, жазы да ыстық.

          Жәрар! Туған жердей жер болмас, қанша дегенмен. Мейлі, "Бәйтерегі", кітапханасы, керемет ғимараттары болмасын, дегенмен, туған жерімді сондай болғандығы үшін сүйемін. Болашақта қазақ кітапханасын ашқым келеді, мешіттің жанынан. Әйтпесе, қала ішіне орыстар бірде-бір құрылыс жасатқызбайды. Дүкен де аша алмайсың. Қалада рубль жүреді көбінесе. Теңге Төретамда. Қала тарихын білмейтін жастар да көп бұ қалада. Ешкім де үйрете бермейді оған. Қазақ классиктері оқылмайды. Ондай кітаптарды тек Төретамнан, кішкентай ғана "Бекарыс" дүкенінен сатып ала аласың. Мен де кітап оқымай, доп қуып өскем. Бірақ шүкір, қанымда бар нәрсе ғой, қазақпын. Мәңгүрт боп кеткенім жоқ. Бұйыртса, болашақта қазақ кітаптары толған кітапхана ашқым келеді. Өсіп келе жатқан балалар оқиды ғой, қанша дегенмен. Ештен кеш жақсы, ағайын!



Бөлісу: